Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстанның тұңғыш халықаралық сыйлығын Иордания королі алды

Қазақстанның тұңғыш халықаралық сыйлығын Иордания королі алды

Қазақстанның «Ядролық қарусыздану мен қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін» тағайындалған алғашқы халықаралық сыйлығын Иордания королі Абдолла ІІ алды. Сыйлық иесін келесі жылы арнайы құрылған комитет анықтап, Семей полигоны жабылған тарихи датада, 29 тамызда табысталмақ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада шетелдік дипломаттармен өткен жиында мәлімдеді. Онда жұмыстарына жаңадан кіріскен сегіз мемлекеттің елшісі Қазақстан басшысына президенттерінің атынан сенімхаттарын табыстады. Дипломаттар Нұрсұлтан Назарбаевтың тың бастамалары Қазақстанның әлемдік өркениеттегі маңызы мен орнына тікелей әсер еткендігін атап өтті.

Александрос Катранис, Грек Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

Біз Президент Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем құру және «Әлем. 21 ғасыр» манифестіндегі бастамаларын толық қолдаймыз. Астананың түрлі дін басшыларын дәстүрлі түрде әлемдік форумға жинап отыруы, Қазақстанның дінаралық диалог орнату саясатының жемісі екені сөзсіз. ЭКСПО халықаралық көрмесін жасыл экономика, баламалы энергия көздері тақырыбында өткізу туралы Қазақстанның ендігі бастамасы, оның саяси имиджінің өсуіне сеп боларына сенімдімін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ