Түзеп, күзеліп, халық пен
комиссияның ұсынысы ескерілген Жер кодексі қазан айында Үкіметке жолданады. Бұл
туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Бүгінде заңнамадағы
өзгерістер барлық мемлекеттік органдармен келісіліп, пішілген көрінеді. Үкімет
қарауынан соң заң жобасы Мәжіліске жолданбақ. Айта кетейік, мораторий мерзімі 5
жылға, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
Ерлан Нысанбаев, ҚР АШМ вице-министрі:
Жерді ауыл шаруашылық бағытта қолдануға
байланысты нормаларға өзгерістер енгізіледі. Оның ішіне конкурстардың
өткізілуі, 5 жыл ішінде мониторинг жасау арқылы тиімді пайданалуды қадағалау,
тіпті келісімдердің дайындалуы, мемлекеттік бақылау кіреді. Яғни жерді
пайдалану бойынша талаптар жіті бақылауға алынатын болады.
Айбек ҚОСАНОВ