Еліміздің үздік жас вайнері анықталды. «Astana Vine Fest»-те таныстырған туындысы төрешілердің көңілінен шыққан Руслан Айткаримов жеңімпаз атанды. Осылайша, ақтық сынға шығып, үздік танылғандар ақшалай сый-сияпатпен марапатталды. Айта кетсек, «Vine Fest» фестивалі осымен екінші рет Астана қалалық қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен өтті. Биылғы байқау әлі таныла қоймаған, жас вайнерлерді қолдауға бағытталған.
Данияр ЕСИН, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Биыл біз фестивалға танымал вайнерлерді қазылар алқасы ретінде шақырдық. Ал, қатысшулардың барлығы енді бастап келе жатқан жас вайнерлер. Олар біз ұсынған тақырыптарда бейнеролик түсіріп, бізге жіберді. Ал, төрешілер барлығын қарап шығып, ішіндегі үздік деген 15 бейнероликті ақтық сынға өткізді.
Финалға шыққан 15 видеоны белгілі вайнерлер Нұрлан Батыров, «Kartop.tv» және өткен жылғы «Vine fest-2017» жеңімпаздары-«T-jokers» өкілдері таңдады. Бейнероликтер «Жастар саясаты», «Жастар-кімдер?» және «Астананың 20 жылдығы» тақырыптары аясында түсірілген болатын.
Жансерік ҚАДЫРБАЕВ, «ASTANA VINE FEST» 2017 ЖЕҢІМПАЗЫ:
Біз «Аstana Vine Fest» 2017-де «Ең үздік бейнеролик» деген номинацияны ұтып алған болатынбыз. Яғни, роликтердің ішінен үздік деп бізді таныған болатын. Ол кездегі дайындық сезімі есімде. Екі күн ұйықтамай түсірген болатынбыз. Өз жемісін берді, қуантты.
Ә. Өмірзақ