$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Шымкентте әйелін пышақтап өлтірген экс-прокурор 11 жылға сотталды

AstanaTV
19.11.2018ж. 20:00
3805
Шымкентте әйелін пышақтап өлтірген экс-прокурор 11 жылға сотталды

Шымкентте өз әйелін жұмыс орнында пышықтап өлтірген экс-прокурор 11 жылға сотталды. Істі қараған судья Әбинұр Қарабаевтың сотта келтірген дерегінше, 41 жастағы сотталушы қызғаныш пен басараздық салдарынан жұбайын бес рет пышақтаған.  

Әбинұр ҚАРАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 

Сотталушыны ҚР ҚК 99 бабы 2-бөлігімен 9-тармағымен айып тағылған. Оған, яғни, сол баппен сотқа берілген. Яғни, «Бұзақылық ниетте адам өлтіру» деген. Сот бұл айыппен келіспей, бұл айыпты 99-бабының 1-бөлігімен қайта саралап, осы баппен 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындадық. Бұл жерде бәріміз көріп жатырмыз, бұрыннан келе жатқан бас араздық бар, қызғаныш бар.

Еске салайық, қайғылы оқиға 11-мамыр күн Шымкенттегі белді жоғары оқу орындарының бірінде тапа-тал түсте болған. Марқұм сол университет қызметкері болатын. Оның туған күнін желеу етіп бір құшақ гүл алып, құттықтай барған күйеуімен сөзі жараспай қалады. Белгілі болғанындай ерлі-зайыптылар біраз уақыттан бері бөлек тұрыпты. Жәбірленуші марқұм келіншек ажырасу үшін кезекті рет сотқа талап-арыз түсірген. Татуласпақ ниетпен келген экс-прокурордың бұл әрекетінен түк шықпаған көрінеді. Ол жанжал кезінде қалтасында болған асхана пышағын қолданыпты. Сотталушы суық қаруды кездесуге қасақана әкелмеген.   

Әбинұр ҚАРАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 

Оқиға болған күні сол туысқан ағайыны звондап, алып кет деп айтқан кезде ол соған барып, пакет пен күртешесін алып кетті. Күртешесін кимей ол қолда ұстаған. Өйткені, сол күні күн ыстық болған. Ұрыс-жанжал барысында ол пышақты сол жақтан алған. Енді біз оны сотта қасақана алып келді деп, қасақана дайындалған деп ондай дәлелдемелер келтіре алмады айыптау жағы.

Олардың ортақ бір баласы бар. Кішкентай қазір нағашыларының қолында. Баланың алдағы уақытта кімнің қарауында қалатынын сот шешеді.   

А. Төребекқызы