$498.34 €519.72 ₽4.85
×

АҚШ пен Ұлыбритания елшілігі Қырғызстанда теракт болуы мүмкін екенін мәлімдеді

AstanaTV
10.10.2016ж. 20:00
2391
АҚШ пен Ұлыбритания елшілігі Қырғызстанда теракт болуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қырғызстанда теракт болуы мүмкін. Мұндай ақпаратты АҚШ пен Ұлыбритания елшіліктері ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады. Онда қазан айында ел билігіне қарсы жарылыс болуы мүмкін екендігі жазылған. Сондықтан осы елдегі өз азаматтарын сақтыққа шақырды. Қоғамдық орындардан аулақ жүріп, кісі қарасы қалың мекендерге бармауға кеңес берген.

Қырғызстанның ресми органы ақпараттың өтірік-расын жарияламады. Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары мәліметті тексеріп жатыр.

Естеріңізге салайық, тамыздың соңында елде теракт болған еді. Қырғызстандағы Қытай елшілігіне көлігімен баса көктеп кірген жанкешті қолдан жасалған жойқын бомбаны іске қосқан болатын.