Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда терактінің алды алынды

AstanaTV
11.10.2016ж. 20:00
2127
Алматыда терактінің алды алынды

Теракт жасамақ болды. Алматыда құқық қорғау органдарына шабуыл жоспарлаған үшеудің жолы кесілді. Бұл ақпарат Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ресми сайтында жарияланды. Онда ұсталғандардың радикалды топ мүшелері екені жазылған. Күдіктілерден қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар мен теракт жасауға үндейтін діни-экстремистік материалдар алынған.

Қазір жедел тергеу шаралары жүріп жатыр. Ресми сайттағы мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері Алматы Ұлттық қауіпсіздік департаментінің өкілдері теріс ағымды ұстанған 29 адамның қылмыстық әрекетін әшкерелеген.