$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент мақаласы Қазақстанда ғана емес, бауырлас түркі елдерінде ұрпақтарға жалғасатын тарихи құжат

AstanaTV
22.11.2018ж. 20:00
3970
Президент мақаласы Қазақстанда ғана емес, бауырлас түркі елдерінде ұрпақтарға жалғасатын тарихи құжат

Қазақстан Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы халықаралық аренада да белсенді талқылануда. Кеше мақала бақ-та жарияланғанда, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация Измирде түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясына қатысты. Мәжілістің жалпы отырысын ашқан Нұрлан Нығматулин Елбасының ауқымды мақаласы халықаралық парламентшілер арасында үлкен қызығушылық туғызғанын атап өтті.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, Мәжіліс Төрағасы:   

ТүркПа шараларына қатысқан бауырлас елдердің депутаттары, ғалымдар, сарапшылар өз сөздерінде ең алдымен, біздің Елбасымыздың мақаласына назар аударды. Онда айтылған ұсыныстар-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық мұраларымызды терең тануға және түркі бірлігін бұрынғыдан да күшейтуге жаңа серпін, жаңа жігер беретінін ерекше атап өтті. Сондықтан, «Ұлы даланың жеті қыры» тек Қазақстанда ғана емес, бауырлас түркі елдерінде ұрпақтарға жалғасатын тарихи құжат болып қалатыны сөзсіз.

Бекболат ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Отарлық көрмеген жас буын елдіктің эстафетасын алуға келе жатыр. Тарих, замана көші соған алып келе жатыр. Сол кезде келер буынды қайрауға қажетті аса маңызды қадам деп айтқан болар едік. Өйткені, тарихи сана қалыптаспай, мемлекет қалыптаспайды.

Г. Меңдеева