Кесірлі келісім. Америка Құрама Штаттары Ресей орта және жақын қашықтыққа ұшатын ракеталарды жою туралы келісімді бұзбайды деген үмітте. Бұл жайында Пентагон басшысы Джеймс Мэтис хабарлайды,-дейді «ТАСС» агентттігі. Америкалықтар орыстардың аталмыш келісімді орындауға бет бұрғанын жіті қадағаламақ. Бір қызығы, қазанның 20 күні Вашинтонның өзі де Ресей құжатта көрсетілген шараларды атқармай отырғандықтан оны біржақты бұзамыз деп мәлімдеген еді. Америкалықтардың бұл қылығын Кремль жауапсыз қалдырмаймыз деп отыр.
Естеріңізге салсақ, орта және жақын қашықтыққа ұшатын ракеталардың көзін жою туралы келісім Кеңес үкіметі мен Америка Құрама Штаттары арасында отыз жыл бұрын жасалған екен. Оған сай екі ел орта және жақын қашықтыққа ұшатын жер үсті қанатты және баллистикалық ракеталарды жасау мен қолдануға және оларды ұшыратын қондырғылардың көзін жоюға міндетті. Алайда, екі мемлекет отыз жыл бойы бұл міндеттер орындалмайды деп бір-бірін алма кезек айыптап келеді.
Г. Тасболатқызы