Астанда «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығының жүлдегерлері марапатталды. Дәстүрлі шара мүгедектер күні қарсаңында ұйымдастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өнер бәйгесі туралы тілші тарқатады.
Бұл жандар бүгін ерекше көңіл-күйде. Өйткені, 10 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан «Жан шуақ» премиясында топ жарғандар. Іс-шара «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде өтті. Партия төрағасының бірінші орынбасары жобаның әрі қарай жанданатынын және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауда көп бастамалар барын атап өтті.
Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Биыл төрағаның тапсырмасымен осы жобаны нақтылап,жаңғыртып,қазіргі заман талаптарына лайықтап,жаңаша жүзеге асыруды бастап кеттік. Осы жұмыс аясында мүмкіндігі шектеуді адамдардың,әсіресе балалардың энклюзивті оқуына,ары қарай жұмысқа тұруына,қоғамымызда кедергісіз ортаны қалыптасытыруға, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдардың саясатқа,қоғмдық өмірге араласуына мүмкіндік жасауға біздің партия жұмыс істейтін болады.
«Жан шуақ» шыныменде мүгедек жандардың армандарын орындауға үлкен мүмкіндік. Жылдан жылға шараның ауқымы кеңейіп,10 жыл ішінде Қазақстанның барлық түкпірінен 60 тан астам адам лауреаты атанған.
Серік ЕСМАТОВ, «ЖАН ШУАҚ-2018» ЖЕҢІМПАЗЫ:
Мүмкіндіктің шектеулілігіне қарамастан күн сайын белгілі мақсаттарды бағындыруға болады. Ең бастысы-адам болып қалу керек, үлкен жүрек керек. Бұл жердегі адамдардың көбісі арбада отырғандығы болмаса көп нәрсеге қол жеткізе алады. Мен жеңімпаз болдым. Қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Қазақстанда осындай сыйлық барына өте қуаныштымын.
Биыл «Жан Шуақ» сыйлығы 7 аталым бойынша берілді. Алтыншаш Қазақ Ұлттық өнер университетінің 3 курс студенті, жүлдегер. Сыйлыққа қол жеткізу талай жылғы арманым,-дейді. Алдағы уақытта атақты әнші болып, тележүргізуші болуды да мақсат тұтады.
Алтыншаш МҰҚАТАЕВА, «ЖАН ШУАҚ-2018» ЖЕҢІМПАЗЫ:
Осы премияға өтуді мен неше жылдан бері армандаған едім. Осыдан 4 жыл бұрын қонақ болып келген едім.Сол кезде қашан мен аламын деп армандайтынмын.Осы жақын арада хабарласып сіз премияға өттіңіз деп хабарласқанда өте қуанышты жағдайда болдым.
Қатысушылар спорт, қолданбалы өнер, орындаушылық өнер, қоғамдық қызмет, мәдениет саласы, арбамен билеу секілді аталымдар бойынша сынға түсті. Салтанатты шара ары қарай өнерпаздардың концертімен жалғасты.
У. Қабылтайұлы