Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жайық маңындағы қурап қалған 20 мың гектар орманды қалпына келтіруге болады-ҚР АШМ

AstanaTV
23.11.2018ж. 20:00
4725
Жайық маңындағы қурап қалған 20 мың гектар орманды қалпына келтіруге болады-ҚР АШМ

Ал, Жайық маңындағы қурап қалған 20 мың гектар орманды қалпына келтіруге болады. Ол үшін арнайы резерват ашылады. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Нұрлан Нысанбаев осылай деп отыр. Мәселені сенатор Ғұмар Дүйсенбаев қозғады. Тоғай Жайық суының азаюынан қураған. Өйткені, Ресей тарапы 300-дей су торабын салған көрінеді. Алайда, көрші ел оны мойындамай отырған көрінеді. Вице-министрдің айтуынша, оның нақты себебін анықтау үшін ғылыми зерттеу басталыпты. Ол келер жылы аяқталмақ. Тоғайлардың солуы алғаш емес. Бұдан бұрын, Жайықтағы 3 мың гектар орман қурап қалған. Сондықтан, министрлік солған тоғайлар маңында қорық ашпақ.   

Ерлан НЫСАНБАЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Алдағы уақытты біздің жоспарымызда резерват ашу. Резерваттың жұмысы тек қана сол Жайық бойындағы орманды қайта қалпына келтіру болады. Мен өзім орманшы ретінде айтайын, орманды қалпына келтіруге болады.

Г. Меңдеева