$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Сотқа «Эйр Астанадан» арыз түспеген

AstanaTV
13.10.2016ж. 20:00
2143
Сотқа «Эйр Астанадан» арыз түспеген

«Эйр Астана» мен монополияға қарсы ведомство арасындағы дау жалғасты. Бүгін Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі сот «Эйр Астананың» арызын қабылдамай тастады деген ақпарат таратты. Осылайша, сот монополияға қарсы агенттік шешімін қолдайды деген еді. Біз әкімшілік сотқа да, экономикалық сотқа да хабарласқан едік. Алайда, фемида өкілі тіпті «Эйр Астанадан» ешқандай арыз-шағым түспегенін мәлімдеді.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты баспасөз қызметінің өкілі:

Бұл ақпаратты таратқандардан нақтылап сұрау керек. Қай уақыттың аралығында, қайда арыз түскенін егжей-тегжейін қарау керек. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Эйр Астана» тарапынан ешқандай арыз талап түскен жоқ дейді. Бізге де аталған компаниядан ешқандай арыз түскен жоқ.

Дау Бас көлік прокуратурасының мәлімдесінен кейін басталды. Ондағылар "Эйр Астана" билет бағасын 50 пайызға негізсіз өсірді деп мәлімдеді. Осыдан соң монополияға қарсы комитет тексерісті бастады. Алайда олар "Эйр Астана" 7 қазан күні тексеру тобын ғимаратқа кіргізбей, тергеуге кедергі жасады деп, әкімшілік іс қозғады. Ал мұны жоққа шығарған компания өкілдері Бас прокуратурадан араша сұраған еді.