Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ШҚО-да «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің шаршы метрі арзандатылады

AstanaTV
23.11.2018ж. 20:00
2463
ШҚО-да «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің шаршы метрі арзандатылады

Шығыс Қазақстан облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің шаршы метрі арзандатылады. Аймақ басшысы Даниал Ахметов мұны бюджет қаржысының есебінен шешуді жоспарлап отыр. Күні бүгін осы бағдарлама бойынша өңірде бір жарым мыңнан астам пәтер салынған. Мыңдаған отбасы баспана алуға өтініш берген.  

2-х комнатная квартира на 7 этаже, у нас прекрасный вид, на мечеть, на город, и меня это все устраивает… 

Дамир Абдильдинов жаңа пәтерге өткен аптада көшіп келді. Бір жыл бұрын бұл отбасы ипотекаға пәтер алғысы келіп жүрген. Бірақ, 14-15 пайыздық несиемен үй алу кішкентай баласы бар ерлі-зайыптыларға ауыр тиетіні анық еді. Сол кезде «7-20-25» бағдарламасында бағын сынап көруге бекініпті. 

Дамир АБДИЛЬДИНОВ, «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫ: 

Осы бағдарлама бойынша құжаттарымызды тез рәсімдеп, пәтерді де тез тауып берді. Қолайлы екен. Бастапқы 20 пайыздық үлесін төледік. Негізі бұдан да аз болғаны жақсы еді. Бірақ, бағдарлама талабы солай. Бұл бағдарламаның шарапатын енді жастар да көре алады.

Өскеменде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 120 үй салынған. Ұзақ мерзімдік келісім-шарттар қолына тиген құрылысшылар пәтерлерінің сатыларына сенімді. Өйткені, Шығыс Қазақстан облысында осы бағдарлама бойынша сатылар үш бөлмелі пәтердің бағасы 15 миллионнан кем емес. 

Зульфия ЖАКСУГУНОВА, ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІН САТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Тұрғындар жаңа үйді сатып алғысы келеді. Өйткені, қаладағы тұрғын үй қоры ескірді. Мысалы, Үлбі ауданындағы баспаналардың салынғанына жарты ғасырдан асқан. Сондықтан, жаңа үй сатып алғысы келгендер көбеюде.

Әкімдік өкілдері үйдің сапасын бақылаумен қатар, құрылысшыларды инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуді міндеттейді. Яғни, дүкендер мен дәріханалар, балалар алаңдары мен көлік тұрақтары болуы керек. Енді жергілікті билік облыстық бюджет есебінен ипотекалық несиенің алғашқы төлемін қысқартпақ.  

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Пәтердің әр шаршы метрі 165-180 мың теңге екендігін ескеріп, бұл бағамды облыс бюджеті есебінен азайту жайын ойластырып жатырмыз. Тиімді жағдай жасау жолдарын іздестіріп, бұл мәселенің де шешімін табамыз.

Шенеуніктердің сөзінше, Шығыс Қазақстан облысында мыңға тарта отбасы «7-20-25» бағдарламасына қатысыпты. Дәрігерлер мен мұғалімдер және мемлекеттік қызметкерлер алғашқылардың бірі болып жаңа пәтерлерге қоныстанады. 

Е. Карин