Өскемендегі жылу электр
стансасының тоқтап қалуына қондырғыны жөндеу жұмыстары себеп болған. Бұл туралы
Жылу электр стансасының эксплуатация жөніндегі директоры Нұрлан Ахметжанов
хабарлады. Апатты жағдай өткен кеште болған еді. Шығыстағы қала, аудан мен ауыл
тұрғындары жарықсыз қалды.
Олардың сөздерінше, Өскемен қаласының
жылу электр станциясы мен байланыстыратын қуаттылығы 110 киловольт құрайтын 103-ші электр желісіне ток жіберу барысында, қызметкерлер токты жерге тартатын
қазықтарды алуды ұмытып кеткен. Салдарынан атмосфераға бу атқылап, Су электр
стансасы мен екі бірдей ЖЭС генераторлары өз жұмысын тоқтатқан.
Нұрлан Ахметжанов, Өскемен
қалалық ЖЭС пайдалану жөніндегі директоры:
Ток тұйықталуының болғаны рас,
салдарынан атмосфераға бу атқылады. Қазір станция жұмысы қалыпты жағдайда жұмыс
істеп тұр. Электр жағынан да, жылу жағынанда тұйықталулар алынды. Қазір болған
жағдайға байланысты жұмыстар жүргізіліп, арнайы комиссия құрылды.