Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның мұрагерліктен айырылуы мүмкін екені айтыла бастады. Себебі оппозицилық журналист Хашоггидің өлімін ұйымдастырған ханзаданың өзі, деген мақалалар шықты. Мысалы, Washington Post ақпарат көзіне сілтеме жасап, Американың орталық барлау басқармасы журналист Жамал Хашоггиді өлтіруге Мұхаммед бен Салманның өзі бұйрық беруі мүмкін деген қорытындыға келгенін басты. Ал Reuters агенттігіне корольдік отбасына жақын 3 адам оншақты ханзада, корольдік отбасының басқа да мүшелері журналистің өлтірілуіне мұрагер ханзаданың қатысы бар деген күдіктен кейін, тақта басқа мұрагердің отырғанын қалайтынын айтқан. Алайда олар 82 жастағы король Салман бен Абдель Азиз әл Сауд тірі тұрғанда ешнәрсе істей алмайды. Себебі патша сүйікті ұлына қарсы шықпайды деп есептейді. Мұхаммед бен Салманға қарсылар тақта корольдің кіші інісі Ахмед ибн Абдулла Азиз ибн Сауд отырғанын қалайды. Оны батыс державалары да қолдайтын көрінеді.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына санкция салмайтынын айтып отыр. Хашоггидің өлтірілуіне байланысты одақтасы Эр-Риядпен қарым-қатынас бұзылса, мұнай бағасы «аспандап» кетеді – басты аргументі осы. Сонымен қатар Вашингтон Эр-Риядқа миллиардтаған долларға қару-жарақ сатады. Трамп: "Мен Сауд Арабиясына қатысты аңдамаған әрекет жасап, еліміздің экономикасын бұзбақ емеспін. Қазір бізде мұнай бағасы арзан. Мен оның одан да төмен болғанын қалаймын". Мұнайдың 150 долларға көтерілгеніне тек Ресей қуанышты болар еді. Д.Трамп тіпті Сауд Арабиясына алғыс білдірді. Twitter-гі парақшасында жазғанындай, Эр-Риядтың арқасында мұнай баррелі 82 доллардан 54 долларға түскен. 20 қараша күнгі саудада Brent маркалы мұнай баррелі 62,5 долларға түскен, ал WTI маркалы мұнай 53,5 долларға арзандаған. Ал қазан айының басында Brent маркалы мұнайдың баррелі 82 доллардан асқан етін. WTI маркалы мұнай 73 доллардан жоғары болатын. Сөйтіп бір жарым айдың ішінде мұнайдың екі маркасы да 25 пайызға арзандап кетті. Дегенмен Франция Сауд Арабиясының 18 азаматына санкция салды. Тыйымды алдында Германия да салған. Германия үкіметі Хашоггидің өліміне байланысты Сауд Арабиясына қару-жарақ жеткізуді де тоқтатқан.Журналистің денесі әлі табылған жоқ. Сауд Арабиясында бұл іс бойынша күдікті 11 адамның ісі сотқа берілген. Прокурорлары олардың бесеуіне өлім жазасын сұраған.