Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Өзбекстандағы Навои облысындағы үш ірі аудан тұрғындарының 90 пайызы-қазақтар

AstanaTV
26.11.2018ж. 20:00
10544
Өзбекстандағы Навои облысындағы үш ірі аудан тұрғындарының 90 пайызы-қазақтар

Қазақстан-күллі түркі халықтарының қасиетті «қара шаңырағы». Мемлекет басшысы өзінің жуырдағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында осылай деген еді. Сондықтан, «Түркі өркениеті» жобасын бастау қажеттілігін атаған болатын. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени-тарихи тығыз байланыстың белгісі ретінде 2018 жыл-Өзбекстан жылы деп белгіленген. Соған орай барлық аймақтарда түрлі шаралар өткізіліп келеді. Қызылорда қаласына келген өзбек делегациясымен әріптесім Шарипа Сақтапова тілдесіп, Навоидегі қазақтар туралы біліп қайтты. 

Бір кездері Ұлы Жібек жолы осы Навоидың шөл даласын басып өткен. Археологтар бұл аумақтан ежелгі сақтар, хорезм мен бактрияндардың мәдениет ошақтарын тапқан. Өзбек делегациясы өкілінің айтуынша, Орта ғасырда өмір сүрген түркі ақыны, әрі философы Әлішер Навоидың құрметіне аталған қала аумағында қазақтар көп қоныстанған.   

Ұлыгбек САФАРОВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НАВОИ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Навои облысы көп ұлтты болып саналады. Біздің Тамдын, Үшқұдық және Қанимех аудандары тұрғындарының 90 пайызы-қазақтар. Бізде салт-дәстүріміз де, дінімізде бір. Қазақстанды биылғы жыл Өзбекстан жылы. Біз оны өте жоғары бағалаймыз.

Өзбек халқының әсерлі әндері, халық билері жиналғандарды жандандырды. Навоидан келген творчестволық ансамбльдің репертуарындағы қазақ әндері де шырқалды.  

Ал, қонақтардың айтуынша, Қазақстанның жылдам дамуы таңқалдырады.     

Вахобиддин ЗИЕ, «YOSHLAR» ТЕЛЕРАДИОАРНАСЫНЫҢ АҒА РЕДАКТОРЫ (ЕШЛАР):  

Әрбір сапарымда ерекше жаңа сезім мен жаңа жаңалықтың куәсі боламын. Қазақстанға келген сайын танымай қаламын, мүлдем. Мемлекеттеріңіз өте жылдам дамып келеді. Мен Абайды көп оқыдым. Қазақ фольклорын зерттегім келеді.

Игілік ӘБДІҒАЗИЕВ, НАВОИ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ СТУДЕНТІ:   

«Бір елім-туған елім» деп концерттің атын қойып отырмыз. Яғни, бұл біздің бір туғандығымыздың белгісі болып есептеледі. Мақала шықты Қазақстан Республикасының Елбасының, ол мақалада: «Біз мынау түркі халықтарының мәдени орталығы етіп Астананы алайық» деген бір ұсыныс-пікірі мақалада жазылған. Біз ерекше бір қуанышпен қарсы алдық.

Өнерде шекара жоқ демекші, Навоиден келген шығармашылық топ енді Астана төрінде өнер көрсетуді армандайтындарын айтты.  

Ш. Сақтапова