Қазақстан мен Ресей Еуразиялық аймақта ғана емес, одан да кең кеңістікте де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Астанада өткен халықаралық Парламенттік конференцияда көрші ел Думасының вице-спикері Сергей Неверов осындай пікір айтты. Ол Сириядағы қақтығысты реттеу, Ресей мен Түркия арасындағы шиеленісті шешу мен Иран айналасындағы келіссөздерді мысалға келтірді. Жиынға қатысушылар Астана-дүниежүзілік бейбітішілік орталығы болуы әбден мүмкін деп санайды.
Нүрниджон ИСМОЙЛОВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ OЛИЙ МАЖЛИСІ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ПАЛАТАСЫНЫҢ СПИКЕРІ:
Қазір әлемде түрлі қақтығыстар мен санкциялар қаптап кетті. Оларды бейбіт жолмен шешуде Нұрсұлтан Назарбаевтың және қазақ халқының атқарар рөлін де айтып өткен маңызды.
Г. Тасболатқызы