Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Солтүстік Қазақстан элеваторында қалған астық диқандарға қайтарылмақ

AstanaTV
27.11.2018ж. 20:00
1938
Солтүстік Қазақстан элеваторында қалған астық диқандарға қайтарылмақ

Солтүстік Қазақстан облысының 4 элеваторынан астығын ала алмай жүрген диқандар проблемасы шешіледі. Бұл жайында Қазақстан инвестициялық қорының өкілі Нұрлан Сақ мәлімдеді. Олар жергілікті билікпен келісіп, қазір арнайы комиссия құрған. Оның мүшелері элеваторлардағы астықты иелеріне қайтарумен айналысады.  

Нұрлан САҚ, «ҚАЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЫ» АҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:     

Біздің жарғымызға сай астықты сақтауға, қабылдауға және оны сатуға құқымыз жоқ. Бұл лицензияны талап ететін кәсіп түрі. Ал, бізде ондай құжат жоқ. Сондықтан жергілікіті билікпен бірлесіп арнай комиссия құрдық. Оның шешіміне сай диқандар өз тауарларын алдағы күндері ала алады. Ал, элевторларға жаңа инвестор табылса, олар өз қызметін ары қарай жалғастырады.

Бұған дейін теріскейлік диқандар «Астана» арнасының тілшілеріне жергілікті элеваторлардан 90 мың тонна бидайды ала алмай, шығынға батып жатқандарын айтқан еді. Олар күн өткен сайын астық сапасы нашарлайды деп алаңдап отыр. Осыған дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қызылжар өңірінде 4 элеватордың тоқтап қалғанын жария етті. Себебі, астық сақтау кәсіпорындары Қазақстан инвестициялық қорының алдында берешек болып қалған. Олардың қарызы 110 миллиард теңгенің шамасында көрінеді.  

А. Құрманкин