$537.76 €627.62 ₽6.7
×

Бюджет түзілгенде мұнай бағасы сараланбайды...

AstanaTV
12.11.2016ж. 20:00
Бюджет түзілгенде мұнай бағасы сараланбайды...

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев турасын айтты - республикалық бюджеттің мұнай бағасы мен доллар бағамына тәуелді екенін. Сәрсенбіде Мәжілісте алдағы 3 жылдың республикалық бюджеті талқыланған, сонда. Бюджеттің кірісінің 45 пайызы мұнай бағасына қарап қалған. Ал басты қаржы құжатын жоспарлағанда мұнай бағасы ескерілмейтінін айтқаны...  Мысалы, «солай жоспарланады» деп ойлайтын мен үшін «қызық». Сонда мұнай бағасының қалай өзгеруі мүмкін екені жан-жақты сараланбайтын болғаны ма?«Мына бағада мынша түсім, мына бағада мынша кіріс» деп.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі: 

Талқылауға салып отырған 3 жылдық бюджетке қарайтын болсақ, кірістердің 40 пайызы негізінен мұнай саласынан келіп түсетін қаржыға байланысты болып отыр. Яғни біздің мұнай бағасына тәуелділігіміз үлкен. Сол себепті бюджетті жобалаған кезде мұнай бағасын, металл бағасын сақтықпен қарап отырмыз. Бірақ Елбасы тапсырғанындай, ешнәрсеге қарамастан, халықтың алдындағы әлеуметтік уәделер сақталады. 

Бюджетке мұнайдың баррелі 35 доллар деп салынған. АҚШ-та президент сайлауы өткен күні теңгенің долларға шаққандағы бағамы 342 –ге дейін кұнсызданды.  Сол күні мұнайдың әлемдік нарықтардағы бағасы да құлаған -  Brent маркасының баррелі  44,83 долларға дейін.