Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Өскемендік 10 меценат «Жомарт жүрек» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды

AstanaTV
29.11.2018ж. 20:00
3351
Өскемендік 10 меценат «Жомарт жүрек» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Жомарт жүрек» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады. Олар көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созған кәсіпкерлер мен ірі әлеуметтік жобаларды қолға алған қайырымды жандар. Туған жерінің мерейін асқақтатқан абзал азаматтарға көрсетілген құрмет туралы келесі материалда.  

Күршім ауданындағы шаруа қожалығының басшысы Жанат Әзімбаев ауыл балаларына арнап өз ақшасына спорт алаңын салып берді. Қыста мұнда хоккей, ал жазда футбол ойнауға болады. Туған жеріне ыстық ықыласын төккен кәсіпкер көпбалалы отбасылар мен мұқтаж жандарды да қамқорлығына алыпты. 

Жанат ӘЗІМБАЕВ, «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: 

Осы жылддарда біраз жұмыстар атқардық. Қалжыр бойында дамбаларда су тасқынын болдырмау саласында жұмыс жасадық. Сол секілді Теректі колледжінде құрылыс жөндеу жұмыстарын жасап отырдық.

Ал, Марина Лисовцова-байқау жеңімпаздарының ішіндегі жалғыз әйел, Зырян аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы. Ол тасқынынан зардап шеккендерге 12 млн теңгеге үй сатып әперген.  

Байқаудың құрметті қонақтарының ішінде Қазақстандық-Америкалық еркін университетінің ректоры Ережеп Мәмбетқазиев те бар. Ол мемлекет басшысының көмегімен инновациялардың алғашқы легі қалай енгізілгенін баяндады. «Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясы мен облысқа қажетті маман дайындайтын аймақтық университеттер осы бастама аясында қолға алынды. Мемлекеттік емес Қазақстандық-Америкалық жоғары оқу орны да елдегі алғашқы жобалардың бірі. 

Ережеп МӘМБЕТҚАЗИЕВ, ҚАЕУ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, ПРОФЕССОР: 

Депутаттар ғана емес, үкімет мүшелері де осы жаңа бастамаларға қарсы болды. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлына бізді қолдағанына алғыс айтамыз. Кейін жаңа оқу орнының ашылуына уақыт тауып келуін өтіндік. Өтінішімізді ескеріп, арнайы келіп, тұсауымызды кесті. Бұдан кейін алғашқы түлектерге де өз қолымен диплом табыс етті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қазақ эстрадасындағы танымал әртістер қатысып, көпшіліктің көңілін көтерді. 

Е. Карин