Егер Шымкентте мұғалім болып орналасу заң жолына түссе, Жанат ханым айтпақшы, «жақсы ғой».
Тағы бір «жақсы ғой» дегізетін жаңалық – премьер-министр келесі жылдан бастап педиатрия факультеттерін қайта ашуды тапсырды. Осыдан тура бір жыл бұрын біз «Білме, білгеннің тілін алма» деген ащы мәтелді тақырып етіп қойып, материал жасағанбыз. Сонда «отбасылық дәрігер» бірлігінің пайда болып, педиатр мамандарының минимумға жеткізілгеніне, тиісінше педиатрия факультеттерінің жабылғанына ата-аналар ғана емес, атақты педиатр Камал Ормантаев та қарсы екенін айттық.Ормантаев -балалар сырқаты көп. Оларды педиатр ғана жақсы біледі. Қазіргі отбасылық мамандар баланы ұстауға қорқады. Дәрігер қатесінің қаншалықты қымбат болатынын білесіздер ме,- деген-ді:
Камал Ормантаев, академик: /14,11,15 жыл, Алматы /
Балалар дәрігерінің 26 түрі бар пульманолог, гастроэнтеролог, хирург әрқайсысының ерекшелігі бар. Семейный врач білмейді деп маған ата-аналар жылап келеді. Семейный врач прививканы білмейді, педиатр болса біледі. Педиатрлар мен терапевттерді біріктіруге болмайды, жұмыстары жетіп жатыр. Педиатрия жоқ болса, бала өлімі көбейеді. Аудандарда хронический болезнь көбейіп кетті отбасылық дәрігер температураны снижать етуді біледі, бірақ баланың немен ауырғанын аяғына дейін емдемейді ол хроник болып қалады. Олардың 40-45 пайызын армияға алмайды, бала кезінен ауру саны да көбейіп барады.
Ресми статистикалық мәлiметтерге
сәйкес 2012 жылы бес қазақстандық медициналық жоғары оқу орны 742 педиатр
дайындаса, 2014 жылы тек 7 бала дәрiгерiн ғана әзірлеп шығарған. Педиатр мамандарын барынша азайтып, педиатрия
факультеттерін жапқаннан, қанша шығын келгені, бірінші кезекте
моральдық-психологиялық жағынан, есептелмейтіні жаман. Сәтсіз эксперименттің
авторлары мен қолдаушылары тағы бірнәрсе ойлап таппаса болды. Адамның табиғаты
сол - ешқандай жаза тартпағанда, айылын да жыймайды.