$498.34 €519.72 ₽4.85
×

БҰҰ жанындағы Сирияның тұрақты өкілі Түркияға ауыр айып тақты

AstanaTV
29.11.2018ж. 20:00
1716
БҰҰ жанындағы Сирияның тұрақты өкілі Түркияға ауыр айып тақты

Астана келіссөздері Сирияда соғыстың аяқталуын жақындатты. 11-ші раундты қорытындылаған елдің Сыртқы істер министрі Қайрат Абюрахманов бүгін осылай деді. Бұл ретте министр тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін табыстау және із-түссіз жоғалғандарды іздестіру тобының жұмысы аясында жақында Алеппо провинциясында болған тұтқындарды алмасу операцияларына тоқталды. Және гарант елдердің бірлескен мәлімдемесін оқыды. Иран, Түркия, Ресей тарапы 17 қыркүйекте қабылданған Идлибте қарулы-қақтығысты тоқтату туралы меморандумды әрі қарай да қолдайтындарын хабарлады. Дегенмен, аймақта атыс-шабыс әлі толастар емес. Кепіл елдер Сирия оппазициясын лаңкестер қатарынан шығуға үндеді.  

Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:   

Бүгінгі күні Астана форматындағы келіссөздер Сирияда ұзаққа созылған соғыстың аяқталуын жақындата түсетін бірегей тетік болып табылатынын айтуға толық негіз бар деп ойлаймын.

Ал, БҰҰ жанындағы Сирияның тұрақты өкілі Башар Джаафари Түркияны осы уақытқа дейін жасалған келісімдерді бұзды деп айыптады. Яғни, «Түрік тарапы Идлибтен радикалды содырларды шығару жөніндегі келісімдерді орындамай отыр» деп мәлімдеді. Аумақта Түркия қарулы күштері ауылдарды басып алып, атауларын өзгертіп жатыр деді. Соңғы екі айда 300-ге тарта қарулы қақтығыс болған. Джафаари Идлибте АҚШ пен Франция әскерилері де барын айтты.  

Башар ДЖААФАРИ, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ СИРИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:  

Түркия билігі полицейлердің орнына, қаруланған 11 мың әскерін жіберді. Бүгінде әскерилер көптеген қалаларда бар. Офицерлер, сарбаздар мұздай қаруланған. Түркия билігінің Астана келіссөздері мен Сочидегі форумда жасалған келісімдерді сақтамайтыны бізді алаңдатады.

М. Дюсекина