$540.18 €628.93 ₽6.68
×

Солайы солай ғой...

AstanaTV
12.11.2016ж. 20:00
Солайы солай ғой...

Шымкентте білім саласына қатысты бірнеше жоба таныстырылды. Соның бірі – электронды жүйе арқылы жұмысқа орналасу. Білім саласындағы шенеуніктер, -кез-келген маман әкімдіктің ресми сайты арқылы бос орындарға өтініш қалдырып, тіпті онлайн-тест арқылы жұмысқа орналаса алады, - деп, «мәссаған, керемет ғой» дегізді.

Қалалық білім бөлімі басшысының сөз саптауы көп нәрсені аңғартады. «Бұл коррупцияның алдын алу ғой. Осы мәселенің барлығы біз үшін жаңалық болып отыр. Ал әлемдік стандартта тәжірибеге еніп қойған...Бұл біздің алға қарай жылжып жатқанымыздың дәлелі. Ашықтыққа келіп жатқанның дәлелі», - деген Шымкенттің бас педагогы. Әрі қарай «Нұр.кз»-те  жарияланған пікірі:

«Жасыратыны жоқ бізде жұмысқа тұру ақшамен, тегін тұра алмайсың. Маған келесің, Жанат әпке, мені танисыз ғой, әпкем математик, орналастырыңызшы» дейсің... Дұрыс па? Ал бұл жүйеде олай демейсің. Компьютерге тіркелесің, бұл жақсы ғой», - деген Тәжиева ханым.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы:

Кез-келген азамат жұмысқа тұру үшін ақша бермесе,тамыр-танысың болмаса жұмысқа тұру мүмкін емес деп өте көп дау-дамайлар,артық әңгімелер өте көп кездесіп жатады.