$522.49 €547.88 ₽5.06
×

1 желтоқсан президенттік басқару үлгісін таңдаған мемлекеттің мерекесі

AstanaTV
01.12.2018ж. 20:00
5437
1 желтоқсан президенттік басқару үлгісін таңдаған мемлекеттің мерекесі

"Пештің түбінде отырып сынау қиын емес" - ұстаз, 5 баланың әкесі Сәбит Иманғалиевтің біздің тілшіміз Ришат Асқарбекұлына айтқаны. Пеш деген әр түрлі ассоциация береді - орталықтан жылытылатын үй, камині бар үй, көмірмен немесе сексеуілмен жылитын үй, шоғы бойды жылытпайтын, пешінің сылағы түскен қараша үй... Дегенмен шаңырағының отын маздатып жағуға құлшыныс яғни жанқиярлықпен еңбектену бар да, "біреу сексеуіл/көмір түсіріп берсе" дейтін еріншектік те бар. Ешнәрсенің реті де, сәті де түспеген, қиюы келіспеген, қайда барса да мүмкіндік тумаған және денсаулығы мәз емес отбасылар туралы айтып тұрғанымыз жоқ. Демек Сәбит ақсақалдың меңзегені - "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей". Әділетсіздік, коррупцияны жоққа шығармаймыз. Жиіркенішті екенін үнемі айтамыз. Әйтсе де олар өзінен өзі жойылып та кетпейді. Солшыл да, оңшыл да бағыт емес, өз тарихымыздан үлгі ала отырып жасаған қадамдар темірқазақ болар... Шәкәрім ойшылдың мүрдесі салынған шабаданды бейнетаспаға түсірдік. Сәлден соң ұсынамыз. Қазір Сәбит ұстаз, Аягүл ұстаз сөйлейтін материал.        

Әлбетте, егемен¬дігіміздің алғашқы күнінен бастап ел тыныштығы мен бірлігін сақтап келе жатқан Мемлекет басшысы жайында айтылар салмақты ой мен салиқалы пікір жетерлік. Бұл күн тәуелсіздік, елдік туралы көбірек толғанып, өткенге ой жүгіртетін күн. Десе де аталған мерекенің мән-мағынасын әлі күнге жете түсіне бермейтіндер көп. Бұл қандай мереке?! Отбасында айтулы күнді қалай атап өту керек?

Есенжол АЛИЯРОВ, САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Қандай қиындықтардан өттік, одан тәуелсіздкке қалай келдік дегенді саралайтын күн сияқты.

 Тоқсаныншы жылы өмірге келген Нұрсұлтан Назарбаев есімді мына азамат Шымкентте тұрады. Медициналық өнімдер саласында өз кәсібі бар. Тәуелсіздікпен түйдей жасты кейіркеріміздің Елбасымен өзі ғана емес, аталары да аттас болып шыққан. Ең бірінші ерекше жауапкершілікті сезінемін дейді, Нұрсұлтан.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ЖАС КӘСІПКЕР:

Әуелі сенбейді, сосын құжаттарды көріп, сенеді. Жол патрулдік полиция көлік құжатын тексергенде көп сұрақ болады, ары қарай осы жәйттер коммуникацияға белсенді әсер етеді.

Биыл «Мерейлі отбасы» байқауында Алматы қаласында топ жарған Иманғалиевтер отбасы бүгінгі мерекеге ерекше ықыласпен қарайды. Себебі Президенттің бастамасымен отбасылық құндылықтарды дәріптейтін республикалық сайысқа түскен Сәбит ата мен Зүбәйра апа елдігіміздің арқасында көп жетістікке жеттік деп есептейді. Тұңғыш Президент күніне орай берілген демалыста немерелері мен ұл-қыздары бір үйге жиналды. Бұл отбасынан 3 ғалым, 2 журналистер одағының мүшесі шыққан.

Сәбит ИМАНҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗ:

Алғашқы Президент күні дегенде жалпы халық алғаш тосыңқырап қабылдағаны рас. Бізде ғана емес басқа да шетелдерде бұл бар үрдіс екен. Жас мемлекетіміздің құрылуына бар күш-жігерін салған Президентке неге бір күнді арнамасқа деген ой зиялы қауымның бойына бірте-бірте сіңді. Кемшілік әрине болады. Пештің түбінде отырып сынау оңай. Тіпті отбасын басқаруды айталық, бес баламыз бар. Бес бала бес түрлі, соларды жүйелеп бір бағытқа салу, басқару өзімізге де қиын. Қаншама миллион адамды басқару оңай шаруа емес.

Зүбайра ҚЫСТАУБАЕВА,ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ:

Айтады ғой: «Жақсы бала марқайтады, жаман бала қартайдады» деп. Өзіміздің бауырымздан ертегн 5 бала бар, оның үшеуі ғылым жолында. Осылардың ғылымдағы жетістіктері қоғамдағы орны, отбасындағы жетістіктері, немерелеріміздің жетістктері бәрі біз үшін мақтаныш.

Осы ғылым мен білім жолында аянбай еңбек етіп келген Аягүл Миразова 1991 жылдан бастап, 25 жыл қаладағы бір мектепті үздіксіз басқарған тұлға ретінде танымал. Білім ордасын елдегі үлгілі мектептердің сапына қосқан маманды ел «алтын жұлдызды ұстаз» деп атайды. Себебі Президенттің қолынан Еңбек Ері деген атақ алып, халықтың сүйіспеншілігіне бөлене білді.

Аягүл МИРАЗОВА, ҚАЗАҚСТАН ЕҢБЕК ЕРІ:

Тұңғыш Президент күні дегенде, оны демалыс үшін берілген күн деп есептемеу керек. Ол Елбасының еңбегіне, халқына жасап жатқан игілікті істеріне жүрегімізбен сәттілік тілей отырып, елдің дамуына әрқайсысымыздың үлесімізді еселей түсетін күн деп ойлаймын.

Ал Елбасының туған ауылындағы жұртшылық та жылдағы дәстүрмен бүгінгі мерекені атап өтуге дайындықтар жүргізді. Шамалған ауылында Президенттің өмірі мен қызметтегі жолынан сыр шертетін мұражайда, оның оқыған мектебінде дерек көп. Мұндағы құнды дүниелердің бірі - мына қызметтік автокөлік. Президент үшін арнайы тапсырыспен жасалған "Мерседес S-класс" лимузині былтыр мұражай қорына беріліпті. Ал Күләш апа ауылдағы мұражайдың «тірі экспонатымын» деп қалжыңдайды.

Күләш ӘМІРОВА, Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ СЫНЫПТАСЫ:

Мен Нұрекеңмен түйдей жастымын, ол 6 шілде, мен 6 қыркүйекте туыппын. Өзім оның қабылдауында болдым. Маған "Қазақстан жолы" деген кітабын жазып берді. «Күләш, елдің Ата заңын жасау үшін 22 елдің конституциясын оқып шықтым», деді, соның арасынан таңдап өзімізге керектісін алдық дегені бар.

Мұның барлығы тәуелсіздікті қадірлейтін, елдің тарихы туралы білетін салиқалы ұрпақ қалыптастыруға бағытталған еңбек. Бірақ бүгінгі қарапайым азаматтар бұл мемлекеттік мерекені қалай атап өтеді және оның мән-мағынасы туралы не біледі?

- Демалыс берген соң, соны пайдаланамыз. Шетелге қыдыруға кетіп барамын.

- Бұл күн туралы балабақша, мектеп, сосын жоғары оқу орындарында балалар мен жастарға насихаттау керек.

- Музейлерге апару керек, балаларды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ, ТІЛШІ:

Бүгін қазақ деген халықтың мемлекеттігін және елдігін білдіретін саяси инстиутының қалыптасқан күні. Оның екі ғасырдан астам уақытты артқа тастап, қайта оралғанын санада жаңғыртып тұратын күні.

Ришат Асқарбекұлы «Біздің уақыт