Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қырғызстанда президенттерді тиіспеу құқығынан айыру туралы заң қаралмақ

AstanaTV
01.12.2018ж. 20:00
2478
Қырғызстанда президенттерді тиіспеу құқығынан айыру туралы заң қаралмақ

Осы аптада Қырғызстан парламентінің заң істері комитеті бұрынғы президенттерді тиіспеу құқығынан айыру туралы заң жобасын талқылауға жөнелткені хабарланды. Бұл шешім Социал-демократиялық партияны басқаратын Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен оның орнын басқан қазіргі президент Сооронбай Жээнбековтің арасы "біртүрлі" болып кеткенде қабылданды. Оппозициялық партиялар мен топтар да мәлімдеме жасап, "2010 жылғы сәуір революциясының мақсат-мұратын сатып кеткені үшін және жеке-дара билеп-төстегісі келгені үшін" Атамбаевтың жауапқа тартылуын қалайтындарын айтқан. Олар бас прокурордан Атамбаевты тексеруді талап етеді.  

Қазан айында Қырғызстанның жоғарғы соты елдің бұрынғы президенттеріне заң арқылы берілген тиіспеушілік құқығын конституцияға қайшы деп тапқан еді. Жалпы ондай құқықты Роза Отунбаева мен Алмазбек Атамбаев ғана пайдаланып отырғаны белгілі. Себебі А.Акаев пен Қ.Бакиевтің қашып кеткені мәлім.