Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қызылорда облысында мал ұрлығы өршіп тұр

AstanaTV
04.12.2018ж. 20:00
5573
Қызылорда облысында мал ұрлығы өршіп тұр

Қызылорда облысында мал ұрлығы өршіп тұр. Әсіресе, Арал ауданының ең шалғай ауылы Қаратереңде соңғы үш жылда 300 отбасы ұры-қаралардан қорлық көріп отырғандарын айтады. Бір шеті-Барсакелмес қорығымен, екіншісі Қарақалпақстанмен шектесетін елді-мекен тұрғындары, қарақшылардың қайдан келетінін білмей дал. Ауыл тұрғындары әкімдік және жергілікті полициямен бірлесіп із кесуге кіріскен. Сөйтіп, бір ұры қолға түсіп, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Десе де оның ісі сотқа жетпей, босап шықты.  

Қожабай СЕРІМБЕТОВ, ҚАРАТЕРЕҢ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Малымызбен нәпақамыз бар, балық, шиттай бала-шағамыз бар. Қай жаққа барып күн көреміз енді? Болмаса бізді осы халқымызбен көшірсін. Ия болмаса ұрлаған адамға шара қолдансын бір жағына. Жылда пәленбай мал кетеді, шырылдаймыз, шырылдаймыз, не істейміз?

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, былтыр мал ұрлығымен айналысқан 73 адам мен 26 қылмыстық топ ұсталған. Ал, биылдыққа 356 мал ұрлығы тіркеліпті. Жергілікті билік өкілдері малдың қорадан емес, өрістен жоғалатынын айтады. Сондықтан, ұрының қай тұстан келгенін білу қиынға соғып отыр.   

Құдабай ЖИЕНБАЕВ, ҚАРАТЕРЕҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: 

Егер, мүмкіншілік болса, осы шалғай ауылдарға автокөлікпен қамтамасыз етілсе. Участковыйдан астындағы көлігі нашар болғандықтан ол кейбір жұмыстарын жасауға дәрменсіз болып қалады. Бақташылармен бірге жұмыс істеу.

Ш. Сақтапова