Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Америка Құрама штаттарында осы елдің 41-ші Президенті Джордж Бушпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

AstanaTV
04.12.2018ж. 20:00
2725
Америка Құрама штаттарында осы елдің 41-ші Президенті Джордж Бушпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Бұл уақытта Құрама штаттарда 41-ші Президент 94 жастағы Джордж Бушпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Оның мәйіті бұдан 7 ай бұрын қайтыс болған әйелі мен қызының жанына қойылатын болды. Экс Президентпен қоштасу рәсімі Вашингтонның Капитолий ғимаратында өтуде. Марқұм Техас штатындағы зиратқа жерленеді. Ол жерде экс-президенттің жары мен 65 жыл бұрын 3 жасында қайтыс болған қызы жатыр. Естеріңізге салсақ, Джордж Буш 1988-1993 жылдары АҚШ Президенті болған. Ол басшылық еткен жылдары алғаш рет Америка мен Кеңес үкіметі арасында ынтымақтастық орнай бастады. Қазаға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев марқұмның ұлы кіші Буш пен бүкіл Америка халқына көңіл айтып, жедел хат жолдады. Онда Президент марқұмның сонау 1991 жылы еліміздің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып танығанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.