$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Екі адамның өліміне себепші болған күдікті бостандықта жүр

AstanaTV
04.12.2018ж. 20:00
3610
Екі адамның өліміне себепші болған күдікті бостандықта жүр

Маңғыстау облысында екі жастағы бала мен әйел адамды химиялық препаратпен улады деген күдікті үй қамақта отыр. Сот қамау мерзімін ұзарту туралы өтінішті қабылдамай тастады. Күдік расталса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы Мұнайлы ауданының полицейлері айтты. Оқыс жағдай қарашаның 25-де болды. Күдікті көпқабатты тұрғын үйді қандаладан тазарту жұмыстарын тұрғындардың бірінің тапсырысы бойынша орындаған. Ол «Квикфос» препаратының аса қауіпті екенін білмегенін айтқан. Жиырма бес жастағы жігіт жергілікті серіктестікте жарты жылға жуық жұмыс істеген. Қылмыстық іс абайсыздықта екі және одан да көп адамды ажал құштыру бабы бойынша қозғалған.  

Еркін ЧУНЕТОВ, МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Ары қарай сотқа жібереміз

Полицейлер «Квикфос» препаратының Ақтау базарына алынғанын айтады. Тергеу аяқталғанға дейін сауда нүктесі жабылған. Сауда орнынан өзге де химиялық заттар тәркіленіпті. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мамандары қатерлі препараттың Қазақстанда тіркелмегенін айтты. Ал, жәндіктерді дезинфекциялайтын компанияларды ешкім тексермейтін көрінеді. 

Гүлзада МАКСИМОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

«Квикфос» деген қолданылған дизенфекциялцық стердествосы бұл Қазақстанда қолдануға болмайды. Денсаулық сақтау комитетінің реестерінде тіркелмегендіктен және рұқсат етілмегендіктен және бұл агропромышленностьтта қолданылатын преперат.

З. Санай