Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қоршаған ортадағы зиянды қалдықтардың 70 пайызы көліктен келеді-Б.Байбек

AstanaTV
07.12.2018ж. 20:00
2675
Қоршаған ортадағы зиянды қалдықтардың 70 пайызы көліктен келеді-Б.Байбек

Алматыны басып қалатын көк түтіннің 70 пайызы көліктен келеді. Қала әкімі Бауыржан Байбек брифингте осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, алып шаһарда жарты млн көлік бар. Оған қоса қала сыртындағы елді мекендерден 250 мың көлік күн сайын орталыққа ағылады. Алматы әкімі жер үйлерден келетін түтін мәселесі жуырда толық шешілетін хабарлады. Қала билігі барлық жеке үйлерді жыл соңына дейін газбен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Сондай-ақ, Байбек жылу қазандықтарынан шығатын түтінді азайту қыруар қаржыға тірелетінін айтты.   

Бауыржан БАЙБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:  

ТЭЦ-2 бойынша ағы бір рет айтып кеттім жалып әсер 11 пайыз біздің ауамызға. Оны жасау үшін көп ақша талап етеді. Ертең мүмкін тарифтер өседі. Үкімет соны қарастырып отыр. Тарифті өсірмей-ақ қалай экологияны жақсартуға болады. Әкім ретінде кәсіпкерлерден табылған ақша қала бюджетіне түсу керек деп ойлаймын. Халықтың мәселесін бірінші кезде әкімшілік шешеді.Оған, әрине, көп қаражат керек. Әсіресе, Алматы қаласына.

Д. Сапарқызы