×

Ордабасы ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7 жоба мақұлданды

AstanaTV
12.10.2016ж. 20:00
3831
Ордабасы ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7 жоба мақұлданды

Шағын және орта шағын бизнесті дамытуда «Нұр Отан» партиясының жұмысы қарқынды. Оңтүстік Қазақстан облысында бір ғана Ордабасы ауданында биылғы 8 айда «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағадарламасы аясында жалпы құны 6 млрд 362 млн теңгені құрайтын 7 жоба мақұлданған.

Бұл туралы партияның кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңесінің мүшелері «Ордабасы құс» ЖШС ұжымымен кездесу кезінде айтты. Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарлама көп. Бірақ бұл жөнінде көпшілік біле бермейді, - дейді кеңес мүшелері. Мәселен іс қылам деген азамат аталған бағдарлама аясында банктен алған несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялай алады. «Даму» қоры несие сыйақысын төлеу бойынша шығындар бөлігін өтейді. Одан бөлек, егер кәсіпкердің кепілге қоятын қаржысы жеткіліксіз болса, қор өз кепілін ұсына алады. Осылай кеңес мүшелері жас кәсіпкерлерге іс қылуда ұтымды жолдарын таңдауға көмектесуге әзір екендерін жеткізді.

Талғат Балабаев, «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Ордабасы аудандық филиалының директоры:

Бизнестің жол картасы 2020 кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында 60 кәсіпкердің құжатын Ырыс микронесиелендіру  ұйымына тапсырылып, 17 кәсіпкерге 42 млн 700 мың теңге берілді.

Айта кетейік, өңірдегі «Ордабасы құс» серіктестігі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шарапатын алғаш болып көрген серітестік. Күркетауықтың балапанынан бастап, оның етін терең өңдеуге дейін жеткізетін кәсіпорын бүгінде құс етінен 85 түрлі өнім әзірлейді. Серіктестік жыл соңына дейін 10 мың тонна өнім өңдеуді көздеп отыр. Соның 40 пайыздайы экспортталады.

Мұрат Тағаев, «Ордабасы құс» ЖШС бас директоры:

Қазір осы қараша айында қазан айының аяғында эмират республикасына біздің өнім презентация жасалынайын деп отыр. және өзіміздің өнімді таныстырып, және де қараша айының ортасында қытай респ-ң Пекин қаласында өтетін саудалық миссия дейді,осы өнімімізді таныстыру үшін соған біз барайын деп отырмыз.