Атырауда тағы да балықтар жаппай қырылып жатыр. Өлген балықтар «Жайық» өзенінің Атырау қаласындағы бөлігінен бастап Дамбы елді-мекеніне дейін шашылып жатыр. Видеода мұз астындағы балықтардардың балықшылар ойған ойық айналасына жиналғаны анық көрінеді. Қырылып қалған балықтар негізінен өзенде жиі кездесетін табан, қылышбалық, айнамкөз, мөңке. Әзірге жергілікті мамандар «Жайық» өзеніндегі өлген балықтың санын да, себебін де анықтай алмай жатыр. Ведмоствоаралық комиссия құрылған.
Арман МОЛДАШЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл балықтардың қанша өлген мөлшерін анықтау мүмкін емес. Себебі, күн Атырау қаласында +6. Күннің жылуына байланысты мұз үстінде балықтарды алып, анықтау мүмкін емес. Қазір адам өміріне қауіпті, сондықтан алдағы уақытта күтудеміз. Су сынамалары, өзеннен өлген балықтар мен тірі балықтарды сынамалары алынып, «Республикалық ветеринариялық зертханасына» және Атырау қалалық қоғамдық денсаулық басқармасына жіберілуде.
Айта кетейік, өткен аптаның басында да Перетаска каналында бір тоннадан астам балық қырылып қалғанын жергілікті тұрғындар телефондарына түсіріп алған еді. Мамандар ол кезде аймақтағы жылу беруші кәсіпорынды кінәлаған болатын.
Б. Нәдірқызы