$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Апта соңына дейін 15 монополист тарифтерді төмендетеді

AstanaTV
10.12.2018ж. 20:00
2674
Апта соңына дейін 15 монополист тарифтерді төмендетеді

Апта соңына дейін 15 монополист тарифтерді 2,7 млрд теңгеге төмендетеді. Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин осылай деп мәлімдеді. Ал, келер жылы су, жылу, газ бен электр энергиясын таратушы 40 монополист тарифтерді 28,8 млрд теңгеге арзандатпақ. Министрлік бағаны негізсіз көтерген монополистерді анықтау үшін жоспардан тыс тексеріс жүргізген. 10 млн-ға жуық қаржы жымқырылғаны анықталған.  

Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Еліміздің 10 облысы тариф құнын кем дегенде 10 пайызға төмендетеді. Мәселен, Жамбыл облысында пәтер иелері кооперативі-20 пайызға, лифті қызметтері-7,1 пайызға, ал Алматыда қоқыс шығару тарифі-10 пайызға арзандайды. Бұдан бөлек, жолаушылар тасымалының тарифі де төмендейді.

Бұдан бөлек, елде байланыс операторларының құны 5-тен 50 пайызға дейін төмендейді. 1 қаңтарынан бастап тұтынушыларға жеңілдік жасайтын әлеуметтік тариф енгізілмек. Министрліктегілер баға арзандағанмен, сапа нашарламайды деп сендірді.  

А. Бектас