Ішкі
істер министрі жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін барлық сақшыны жұмыстан
қууға дайын. Мұны Құлмұханбет Қасымов жол мәселесі қозғалған парламенттік
тыңдауда айтты. Министр полицейлердің жалақысын арттырып, техникалық қамтығанда
ғана жемқорлықты жоямыз деп отыр. Парақорлықтан басқа елдер осылай ғана құтылса
керек. Тілшіміз Айгүл Әдепбай да парламенттік тыңдауға қатысты.
Айгүл
Әдепбай, тілші:
Жол
қозғалысы саласындағы проблемалар қашанда өзекті. Сондықтан салаға жауапты
министрлер төрт көзі түгел келді парламентке. Алайда сенаторлар оларға 7 минут
қана уақыт берді баяндама жасауға. Ол уақытқа үлгермегендердің микрофондарын
сөндіріп тастап отырды.
ІІМ
Қасымов полицейлер қатарын жемқорлықтан тазарту үшін барлық құрамды жұмыстан
қуып жіберуге дайын. Сенатор Ершов Грузияны мысалға алып, ол жақ полицейлері
ақша жымқырмайтындарын айтты.
Қалмұханбет
Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
Біз
Грузияға барып, тәжірибесін көрдік. Олар не істеген? Барлық қызметкерлерді
жұмыстан қуған. Одан соң полицейлердің жалақысын көтеріп, жаңадан құрам
жинаған. Біз де осылай жасауға дайынбыз.
Сонымен
қатар қазақ полициясын Германия, Армерикадағыдай деңгейге көтеру үшін жоғарғы
жалақы қойып, техникамен қамту керек деді. Өйткені жемқорлық жол сақшыларының
әлеуметтік проблемаларымен байланысты деп отыр. Жол мәселесі көтерілгенде
айыппұлдар көптігі де айтылмай қалмады.
Қуаныш
Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Халықтың
жағдайы ауырлап кетті. Дағдарыс деп жатырмыз. Айыппұлдың мөлшерін біз көбейтіп
жібердік соңғы кезде. Осыны қайта қарау керек пе төмендету мақсатында, халықтың жағдайын
ескере отырып.
Ал
ІІМ айыппұлдардың көптігі бізге пайда деді. Дегенмен олардың мөлшері артқанын
прокурорлар да атап өтті. Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко,
айыппұлдардың ақылға қонымды мөлшері болу керек, деді.
Андрей
Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
2001
жылдан бері кейбір айыппұлдар мөлшері 25 есеге өсті. 15-тен 396 мың теңгеге.
Ал орташа жалақы 7 есе ғана көтерілді. 17-ден 124 мың теңгеге дейін. Ал бастыс
елдер мен Ресейде жалақы жоғары бола тұрса да, айыппұл төмен. Люксембургте
орташа жалақылары 1 млн теңге болғанда, жылдамдықты асыру айппұлы 15 мың теңге.
Ал бізде 20 мың теңге. Жылдамдықты асырудың орташа айыппұылы Люксембургте 45
мың теңге, Ресейде - 22, ал бізде - 80 мың. Ол бір адамның айлық жалақысы.
Ал
Сенатта өткен парламенттік тыңдауға қатысқан мәжілісмен Мұхтар Тінікеев
жолполды пайда түсетін "майлы" жолдарды ғана бақылайды деп
айыптады.
Мұхтар
Тінекеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Тас
жолдарды бақалаудың сандық нормалары бар ма? Әйтпесе патрульдік қызметтер тек
"майлы" жерлерде тұратындай әсер қалдырады. Мысалы Астана-Қарағанды
тас жолы. Жол жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан асыруға болмайды. Алдағы
көлікті басып озуға да тыйым салынған. Ал сол жерде 8-9 экипаж жүреді
торуылдап.
Сонымен
қатар депутат полицейлер айыппұл түбіртектерін толтырмай, тек бейнебақылау
камераларымен ғана шектелсін деген бастама көтерді. Бейнебақылау демекші,
министр Қасымов жемқорлықты азайтуда септігін тигізеді деп аталмыш камераларға
зор үміт артты. Алайда жолполдың кейбір жылпостары кеудесіне тағылған камераны
өшіріп қоюдан әккіленіп алған.
Қалмұханбет
Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
Техникалық
тапсырмада жазылу керек. Как только он выключает, там в центре должны показать,
что он выключил. Поэтому ему по рации звоним и говорим, зачем ты выключил,
почему, выясняем каждый раз.
Сенаторлар
парламенттік тыңдауға қатысқан Денсаулық және әлеуметтік даму министріне
жолаушыны қаққан жүргізуші сол адамның емін көтерсін деген ұсыныс айтты.
Айгүл
Әдепбай, тІлші:
Сенат
төрағасы Қасым-жомарт Тоқаев елде жол апатынан қаза тауып жатқан халықтың
көптігіне алаңдады. Жағдай түзелмесе, алдағы 10 жылда 25 мың адамды жоғалтуымыз
мүмкін, - деді спикер.
Айгүл ӘДЕПБАЙ