Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Франция президенті Э. Макрон шеруден кейін ең төменгі жалақы өсетінін мәлімдеді

AstanaTV
11.12.2018ж. 20:00
3378
Франция президенті Э. Макрон шеруден кейін ең төменгі жалақы өсетінін мәлімдеді

Францияда бірнеше күнге созылған ереуілден соң ең төменгі жалақы көтерілетін болды. Франция президенті Эммануэль Макрон айлықты 100 еуроға өсіруді тапсырды. Оны кәсіпкерлер емес, билік өзі төлейтін болады. Оған мемлекет бюджетінен 8-10 млрд еуро жұмсалуы мүмкін. Cондай-ақ, зейнеткерлер мен табысы аз адамдарды салықтан босатуға уәде берді.  

Эммануэль МАКРОН, ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Мен келесі жылдың басынан бастап үкімет пен парламенттен халықтың жақсы өмір сүру үшін барлық жағдайды жасауды сұраймын. 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 100 еуроға жоғарылайды. Көптеген елдер қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Бірақ, мен қазіргі ішкі жағдайдан шығу жолын таба аламын деп сенемін.

Айта кетейік, Францияда халықтың көтерілгеніне бірнеше күн болды. Он мыңнан астам тұрғын үкіметтің жанармай салығын көтеруге қарсылық білдірді. Билік жанармай салығын көтеруге алты ай мораторий жариялайтынын мәлімдеген соң үкімет саясатына қарсы акциялар күшейді. Париждегі халық полицейлерге қарсы шығып, дүкендерді қиратып, көшедегі көліктерді өртеді.  

Д. Сапарқызы