Жүктеме көп, жауапкершілік жоғары, талап күшті. Ал еңбектің өтеуі - жалақы... орташа есеппен 60 мың теңге. -Кішкентай жалақыға қарамай, кішкентай адамдармен өте күрделі жұмыс істейтіндердің бәрі жан-тәнімен ағартушы емес, педагогтардың айлығын лайықты етіп белгілемесе, салмағы ұрпақтың санасымен өлшенетін зиян көреміз,- деген пікірлер дұрыс.
Айгүл Әдепбай балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып көрді.
Айгүл Әдепбайдан тәрбиеші шыға ма екен, көрейік. Бүгін балалармен жұмыс істейміз.
-Бахила киіп алыңыз. Міне, балабақшада алдымен мынадй аяққап кигізеді.
-Сәлеметсіздер, ме балалар! -Са-ла-мат-сыз ба!
Тәрбиеші болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа екені даусыз. Кейбіреулер өздерінің 1-2 баласын бағып шаршап жатады. Ал мұнда менің алдымнан 16 бала шыға келді.
-Мен шаш өре алмаймын.
Біз барғанда балалар түскі ұйқыларынан оянып жатты. Шаштарын тарап, беттерін жуу керек екен, әрқайсының.
-Кім бетін жуған жоқ? Сен жудың ба бетіңді? -Жоқ. -Кел, су ыстық емес пе?
-Қазір би сабағы. Балалар би үйренеді, біз де бірге үйренеміз.
Би сабағына балалар қызығушылықпен қатысатын сияқты болып көрінді. Биді жақсы көретін мен де балаларға бір би үйретуге кірістім.
Әр сабаққа балаларды қаз-қатар тізіп апарады тәрбиеші, сосын алып қайтады. Ары-бері жүріс те оңай емес.
-Тамағым кеуіп кетті.
Одан соң балалардың бесін ас ішетін уақыты келді. Кезекші көмектеседі екен апайға тәтті нандарды әкелуге. Бүгін Айсұлтан көмекші.
-Айсұлтан нешедесің? -5. 5-тесің бе, үлкен жігітсің бе?!))
-Арнайы тәрбиешінің киетін киімі тамақ әкелген кезде. -Қалай киеді мынаны?
-Маған орамал тарту керек. Шашым бүлініп қалады ғой.
Тамақты арнайы ыдыстармен тасиды топқа астыңғы қабаттан.Бүгін түстікке бұршақ сорпасы, ірімшігі бар самса, тәтті зефир және шай берілді. Жұмыстары ауыр тәрбиешілерден жалақыларын сұрап едік. «Құпия» деп, жауап бермеді.
-Жалақыларыңыз қанша? -Құдайға шүкір ел қатарлы десем болады. -Қанша аласыздар? -Құпия. -100 мыңға жете ме жалақыларыңыз? -Келмейді оған. -Келмей ме?///
-Шай құюдың өзі өнер.
Шай болсын, сорпа болсын 150 грамм заңды норма екен бір балаға. Маған бір ожау аз сияқты көрінді. Балалардың арасында сорпа ішпейтіндері де табылады. Оларға жалыну керек ішкізу үшін.
-Ішпейсің бе? Неге? Ұнамай ма? Үлкен жігіт болып өсесің, мынаның кортошкасын жеп алсаң.
-Міне көрдіңдер ме тарелкасы бос. Жарайсың. Міне қараңдар, осылай ішу керек тамақ ішкеннен кейін. Осылай бос болу керек. Сонда батыр боласыңдар.
Әр баланың қылығы тәтті. Әрбірі бір үйдің ерке тотайы. Әрқайсысымен тіл табысу үшін тек қана педагог емес, психолог болу керек. Бірақ ол да аз, бүлдіршіндерге деген ерекше махаббат қажет, жүректе.
-Шайыңнан ішіп отыр тығылып қаласың. Ой жарайсың.
Тәтті құмарлары да жоқ емес, араларында. Үйіндегідей еркелеп тәтті сұрағанда, қалай шыдап тұрасың.
-Не керек саған? –Зефир. -Ертең бақшаға келсең, саған тағы да зефир береді.
-Мә, ұрлап алдым бір зефир.
Қосымша зефирін аузына салғасын томпаңдап орнына барды, бұл балақай. Тамақ ішіп болған соң тағы да аузымыз бен қолымызды жуамыз. Мұрын тазалау да бар, арасында. Одан соң сергіту сағаттары басталады.
Тыныш, тыныш, балалар, тынышталамыз!
16 баланы тыныштандыру оңай емес. Далаға айтып жатқандай боласың. Қарындары тойып, сергіп алған соң балалар өнер сабағына кіріседі. Тапсырма әтештің бейнесін қағаздан қиып құрастыру.
-Мынау қандай құс? -Әтеш. -Әтеш, дұрыс айтасың. Әтеш қандай дыбыс шығарады. -Кукареку. Ұйықтағанда оятады.
Бір топ баланы бағу оңай шаруа емес. Десе де, үріп ауызға салғандай, тәп-тәтті балапандарды бағу, олардың көңілінен шығу жаныма жақты.
-Балалармен қанша жұмыс істесең де шаршамайсың. Өйткені балалармен жұмыс істеу рахат.
-Осыны қарап отырып, балаларға мына ертегіні баяндап бересіз, толық. -Мен ертегі айтпағалы не заман...
Бір қарағанда ертегі айтудан оңай шаруа жоқ сияқты көрінген еді. Сөйтсем менен ертекші шықпады. Теріс айналып кетсең болды, біреуі екіншісін ұрып қоюу мүмкін. Көз ілеспейді. Одан қалды бірнеше сағатта бәрінің атын есте сақтай алмайсың.
-Әлтайыр, мында отыршы, кел алып келші мында. Отыр, өй, ұрма. Мә, кел отыр.
Ертегіні кітаптан сарылтып оқып отырғанға қазіргі заманның баласы шыдай алмайтын сияқты. Сондықтан ойынға айналдыруға тура келді.
-Баяғы заманда атасы мен әжесі болыпты. Сәлем ата, сәлем әже! Қалың қалай, не істейміз дейді. Бүгін шалқан өсіреміз дей ме?
-Немересі кел, ит қайда, мысық кел мында, сен мына жақтан ұстайсың. Сен мына жақтан кел. Немересі, ит қайда, ал шалқанды тартамыз, 1,2,3 шалқан шықпай жатыр. Тартыңдар! ой тартып алды, шалқанды, жарайсыңдар!
Не керек балапандармен кешке дейін бірге болдық. Маған бар өнерлерін паш етті.
-Отан ана сүйміз біз өзіңді. Отан ана сүйеміз біз өзіңді!
Аздаған уақыттың ішінде әрбіріне бауыр басып қалады екенсің. Бала көңіл де қимай қоштасты.
-Күнде келіңізші. –Күнде келейін бе? –Он күн келейін бе? Он күн келейін, мен жұмысымды ауыстырамын. Миллион күн келіңіз. Миллион күн келейін бе? Жақсы балалар.
Осымен Айгүл Әдепбайдың тәрбиешілік қызметі
аяқталды. Келесі аптада жаңа мамандық игереміз.