$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтаудағы жарылыстың себеп-салдарын полицейлер мен әскерилер бірігіп анықтамақ

AstanaTV
12.12.2018ж. 20:00
1710
Ақтаудағы жарылыстың себеп-салдарын полицейлер мен әскерилер бірігіп анықтамақ

Ақтаудағы жарылыстың себеп-салдарын полицейлер мен әскерилер бірігіп анықтамақ. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай деді. Төтенше жағдай металл қабылдайтын жерде болған. 2 адам ажал құшты. Ол металлды тапсырған және оны қабылдаған адам. Тағы үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс дыбысы жүз метр қашықтықтан естіліп, кейін аспанды көк түтін жапқан.

Махаббат РҮСТЕМОВА, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Бір дауыс естілді. Машина келіп, магазинге соққан шығар деп ойладық. Шығып қарасақ, андағы жерде қара түтін болды.

Азамат СӘРСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Жарақат алған 3 адамның жағдайы орташа. Оларды күйік шалған және миы шайқалған.

Ал, бұған дейін Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі жаттығуға арналған 11 танк снарядының бірі жарылуы мүмкін деп мәлімдеген еді. Ал, Ішкі істер министрі жарылған зат граната не снаряд емес деді. Тергеушілер металлды кесетін газбен жасайтын қондырғы жарылуы мүмкін деп топшылаған. Министр оқиғаға қатысты сараптама жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.  

Қалмұханбет ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: 

Жарылған заттың граната не снаряд екенін растамаймыз. Өйткені, шұңқыр қалмаған. Ал, адамдардың заңсыз металл жинаумен айналысқаны анықталды. Шамамен 6 қап металл сынықтарын жинап, еш жерде тіркелмеген металл қабылдайтын пунктіге апарып өткізген. Сол сәтте кенеттен жарылыс болған.

А. Бектас