Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Заңбұзушылықтың 90 пайызына көліктік бақылау инспекторлары жол береді

Заңбұзушылықтың 90 пайызына көліктік бақылау инспекторлары жол береді

Көліктік бақылау қызметінде парамен ұсталмаған басшы қалмады. Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Сенат отырысында осылай деді. Саладағы былықтың өршіп тұрғаны соншалық, заңбұзушылықтың 90 пайызына инспекторлар жол берген. Тіпті Алматыда көліктік бақылау қызметі басшысының орынбасары жүк тиеген жүргізушілерден бір айда 6 млн теңге пара алған. Сондықтан, агенттік өкілі бақылау бекетіндегі жүкті өлшеу құралын онлайн қызметке көшіруді ұсынды.  

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Құзіретті орган тиісті ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Сол үшін онлайн жүйені ұсынып отырмыз. Тіпті жағдайға байланысты министрдің атына көлік комитеті төрағасын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс айттық. Қазір ол Президент Әкімшілігінде ұлттық комиссияның қарауында жатыр.

Енді елде халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылуы мүмкін. Қазір тұрғындар қажетті қызметтің басым бөлігін онлайн түрде алады. Агенттік өкілдері саладағы жемқорлықты жою үшін барлық мемлекеттік қызметті сандық форматқа көшірмек. Ал, Астанада ағашқы электронды қызмет орталығы бүгін «ЕХРО» аумағында ашылды. Онда халық кез келген қызмет түрін жеке куәліксіз-ақ алады. Ол үшін саусақ ізін қалдырып, биометриялық мәліметтер базасына тіркелсеңіз жеткілікті.  

А. Бектас