$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Бір орталықтың екі түрлі келбеті – Қорғас...

AstanaTV
22.10.2016ж. 20:00
1854
Бір орталықтың екі түрлі келбеті – Қорғас...

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық орталығын 2005 жылы  Қытай атқамінерлері мен біздің шенеуніктер салтанатты ашқан еді. Содан бері 11 жыл өте шығыпты. Бірақ содан бері орталық жайлы экономикалық тиімділігі мен пайдасы жайында емес, жемқорлық пен заңды белден басу туралы айтылып келеді. Мұндағы былықты  естір құлаққа айқайлап тұрып жеткізіп келе жатқан тілшілер сияқты осы аптада Мәжілістің депутаты Азат Перуашев та мәлімдеді.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қорғасқа барғанымызда үлкен бір наразылық болды шынын айтсақ.Себебі мына Қытай жағынан дамыған, биік, керемет ғимараттар тұрса, оның ішінде тұрғын үйлер бар, офистер бар, банктер бар, зауыттар бар. Ал біз жақта 1 ғана сауда орталығы және көрме сияқты 1-ақ повильон оның ішінде де болашақ өқаланың макеттері. Ол 11 жыл бойы біз осы макеттермен өзіміздің азаматтарымызды, қоғамымызды алдап отырмыз. Меніңше жемқорлықтың басты себебі сол. Мемлекет өз тарапынан аямастан ақша жіберген болатын. Ал сол ақша қайда кеткені, оның нәтижесі қайда екені біз сол сұрақты қазіргі кезде қойып отырмыз.

Перуашевтің айтуынша, "Әлі күнге дейін индустриалды аймақта жер телімдерінің  80% т қажетсіз болып тұр. -Онда ешкім барғысы келмейді,- дейді. -Оның үстіне шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының "Самұрық" сауда үйіне азық-түлік тиеген бір жүк машинасын кіргізу кем дегенде 1 млн. теңге тұрады, ал біз оларға әр жүк көлігі үшін тағы кем дегенде 500 мың тг. ақша беруіміз керек. Бұл бір үлкен сыбайлас жемқорлық,- деп жазыпты кәсіпкерлер. Ал экономист Айдар Әлібаев болса Перуашев мырзаның таң қалғанына таңырқап отырмын,- дейді. Себебі, бұл жүгенсіздікке кім кінәлі деп іздесек, депуттарды да айыптылардың тізімінен көруге болады. Отырып алып, заңды қабылдау бір бөлек, оның орындалуын қадағалау да олардың жұмысына кірмей ме,- деп тағы айта түсті.

 Айдар Әлібаев, экономист:

Қорғас туралы айтатын болсақ ол біздің "ұлттық брендімізге" айналған! Қазақстандық жемқорлықтың "бренді"! Кез келген Шыңжаң ұйғыр автономды ауданында тұратын қытайдан сұрашы барып, Қорғас туралы, бірден ұрлық мен жымқыру дейді. Жасыратыны жоқ, елде заңды белшесінен басатын фактілер тек мұнымен шектелмейді. Тіпті, жоғын жамап, тірлігін жасап жүрген қарапайым кішкентай кәсіпкердің өзінің проблемасы шаш етектен. Әр жүк көлігінен әр тауар тасығаннан, әр сөмкеден міндетті түрде үлес қалдыру керек! Беру керек, төлеу керек!

 Қорғастың Қытай жақ бөлігінің даму бағдарламасы шынымен де ерекше. Ол жаққа барып қайтқан қазақстандықтар қызыға да қызғана да қарайтынын әлеуметтік желіге талай жазды. Мәселе тек Қорғаста ғана емес. Мұндай проблема Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясымен, Өзбекстанмен шекаралас барлық жерге ортақ індет болып таралған.

2005 жылы Қорғастағы жобаны қазақстандық тарап 360 миллиардтан астам  теңгеге  бағалады. Оның  ішінде  73 млрд. теңге инфрақұрылымға қолдау көрсету үшін деп есептелген. Сол құрылымның іске асқанын былай қойғанда, қарапайым дүниелердің өзі арман екен.

 Бір келісін шамамен 50 теңгеге  бағалап түбіртек беретін Қазпошта филиалдары жұмыс істеп тұрған көрінеді. Принцип қарапайым. Жүгіңді бері өткенде өткізесің. Өз аумағымызда құжатыңды көрсете отырып қайтып аласың. Бірақ, мұндағы кезектің қияметі жайында айтқаннан көрі, мына видеодан өздеріңіз куә болыңыздар.

 Норма ретінде қойылған 6-7 өту пунктінің тек 1-2 ғана жұмыс істейді,- дейді кәсіпкер Рустам Миралиев. Соның кесірінен халық текке уақыт өлтіріп, діттеген жеріне жете алмай дал.

Рустам Миралиев,  кәсіпкер:

Оларда барлығы жедел жүрде жүзеге асады. Біздің олардан тауар алатынымызды біледі. Сондықтан барлық мәселе жылдам-жылдам шешіледі. 700 шақырымдағы Құнжа мен 1000 шақырымдағы Үрімжіге барғанша бұл жерден өтіп сауда жасау ыңғайлы әрине. Құрал-саймандар, резина мен дөңгелектер, тондар деп басталатын тізім жалғаса береді. Қытайлық нарық кімге не керек екенін баяғыда зерттеп тастаған. Бүкіл әлемді қамтамасыз етіп отыр. Біз көрші елден бірталайға қалып қойғанбыз. Зат шығару болсын, инфраструктура жағынан алып қарасаң да. Аспан асты еліндей болу, Мәскеуге жаяу жеткенмен бірдей. Бізде сұлулық салондары мен сауықханалардан көрі зауыттар көп болса ғой. Жұмыссыздық та азаяр еді. 

Татьяна Ли, кәсіпкер:

Біз кез келген сауда жолы жібектей болуы керек деп есептейміз. Ол қалай дейсіз ғой? Яғни, барлығы мемлекеттік дәрежеде шешілгені дұрыс. Қарапайым халыққа жағдай жасалу бірінші кезекте тұруы тиіс.

Осындай тіршілік...