$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Майк Помпео Қазақстанның Ауғанстанға қатысты саясаты үшін алғысын айтты

AstanaTV
14.12.2018ж. 20:00
2817
Майк Помпео Қазақстанның Ауғанстанға қатысты саясаты үшін алғысын айтты

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанның Ауғанстанға қатысты саясаты үшін алғысын айтты. Бұл туралы Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтау сөзінде жазған. Ол Америка мемлекеттік департаментінің ресми сайтында жарияланды. Майк Помпео Қазақстан әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатудағы әлемдік аренада маңызды роль алып, Орта Азия мен одан да тыс елдердегі экономиканың дамуына серпін беріп отырғанынын жазған. Сондай-ақ, Қазақстан-Америка халқы үшін әріптестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірген.  

Майк ПОМПЕО, АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ: 

Қазақстанның аймақтық қауіпсіздік пен даму мәселелерінде, әсіресе, Ауғанстанға қатысты әлемдік аренадағы көшбасшылығын жоғары бағалаймыз.