Жамбылдағы
жауынгерлер трагедиясы қайталанбас үшін шара қолданылатын болады. Ақордада
Қауіпсіздік кеңесінің отырысын ашқан президент осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев
әскери жаттығу кезінде қар көшкіні астында қалып, қаза тапқан жеті сарбаздың
туған-туыстарына барша қазақстандықтар атынан көңіл айтты.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жауынгерлік
борыштарын ақтау кезінде қазаға ұшыраған әскери қызметкерлердің ата-анасы мен
туған-туысқандарына өзімнің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтып,
қайғысына ортақ екенімізді білдіремін. Сіздердің ұлдарыңыз әскери борышын
абыроймен өтеген нағыз отаншыл еліміздің азаматтары болды. Менің тапсырмам
бойынша үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Ол комиссия жағдайдың, мән-жайдың
барлығын қарайтын болады. Қорғаныс министрлігі керек уақтысында тиісті көмекті
ата-аналарына жеткізетін болады.