Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырауда бекіре зауыттындағы бағалы балықтар қырылып жатыр

AstanaTV
21.12.2018ж. 20:00
3647
Атырауда бекіре зауыттындағы бағалы балықтар қырылып жатыр

Отыз мыңға жуық бекіре қырылды! Атырауда бағалы балықтарды көбейтіп, уылдырық шығарумен айналысатын зауытта бекірелер өліп жатыр. Мамандар тірі қалған санаулысының да өмір сүріп кетеріне күмәнмен қарайды. Соңғы кезде Жайық өзені бойындағы ауыл маңынан да өлген балықтар жиі кездеседі. Бірақ, жауапты органдар мұның себебін әлі анықтаған жоқ. Мәселен, «Луговой жылқы өсіру зауыты» алаңында шашылған бекіреден аяқ алып жүру мүмкін емес. Жұмысшылар бағалы балықтарды судан шығарып, текшелеп жинап жүр. Мұнда 200-дей табиғи бассейнде 30 мың бекіре қыстап жатқан. Оның алты жүзі-келесі жылы уылдырық беретін аналық балықтар. Енді олардың бірі де жоқ!  

Әміржан ШАУДАНОВ, «ЛУГОВОЙ ЖЫЛҚЫ ЗАУЫТЫ» ЖШС АТЫРАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Есептеп қарағанда кешегі 4 садок, бүгінгі түске дейінгі тағы 3 садок көтерілді, соның ішінде процентке шаққанда 3-4 проценттен аспайды. Қалғандары бәрі өлі шығып жатыр. 6 декабрьде алынған экспертиза «Су таза» деп беріп отыр.

«Жайық»-ты ластады деп күдікке ілінген 4 мекеменің бірі-«Атырау су арнасына» қатысты тексеріс қорытындысы 28 желтоқсанда шығады. Бүгінге дейін өзеннен 5 тоннадан астам өлексе шығарылған. Экологиялық апаттың масштабы жайында ертең «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар.  

Б. Нәдірқызы