$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан» партиясы «Астана Hub»технопаркімен аймақтық ІТ орталықтарды біріктірмек

AstanaTV
21.12.2018ж. 20:00
2038
«Нұр Отан» партиясы «Астана Hub»технопаркімен аймақтық ІТ орталықтарды біріктірмек

Аймақтардағы IT орталықтар «Astana Hub» технопаркімен бірігеді. Бұл «Нұр Отан» партиясының жаңа бастамасы. Қазір ІТ мамандарды оқытатын бірыңғай әдістеме әзірленуде. Келер жылы бүкіл республикадағы жеткіліксіз кадрлар бірыңғай тұжырымдамаға сәйкес білім алады. Бұл саладағы маман тапшылығынан туындап отыр. Елде 10 мың жұмыс беруші ІТ мамандарға зәру.  

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:  

Мысал ретінде, кей өңірлерде жарты жылда 50 маман оқытылса, кей жерде 100-ден көп. Бүгінгі алаңда бір жүйелі оқыту әдістемесін ойластырдық. 2019 жылдан бастап партиялық жоба бір бағыт бойынша жұмыс істейді.

Аймақтарда қазір жиырмадан астам ІТ орталық бар. Олар университет пен мектептердің ішінде орналасқан. «Енді олар «Astana Hub» технопаркімен біріксе, кіл мықтылар іріктеледі»-дейді мамандар.  

Елена СВЕРДЛОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Өкінішке орай, қазір әркім өз бағыттарымен жұмыс істеп жатыр. Көптеген үйренетін бағдарламалар бар. Білмейтініміз қаншама. Бір жүйеге біріктіріліп жұмыс бастасақ, ісіміз де алға басатыны сөзсіз. ІТ саласы күн сайын жаңарып келеді. Ал, оқу ордалары өкінішке қарай артта қалып отыр.

У. Қабылтайұлы