Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанадағы жаңа көпқабатты үй жеделсатысында оқыс оқиға болды

AstanaTV
24.12.2018ж. 20:00
2802
Астанадағы жаңа көпқабатты үй жеделсатысында оқыс оқиға болды

Астанада да жарты жыл бұрын ғана пайдалануға берілген жаңа үйдің жеделсатысында оқыс оқиға болды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Оның ішіне қамалып қалған 7 адам лифттен дер кезінде шығып үлгерген. Оқиға қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Жеделсатыға жеті адам бірден кіргенде ол жүрмей қалыпты. Шақырылған арнайы маман адамдарды сыртқа шығарып, оны механикалық жолмен көтергенде лифттің төбесі үйдің жабындысына барып соққан. «Лифттранссервис» серіктестігінің басшылығы оған қызметкерін кінәлап отыр. Жеделсаты арнайы комиссияның тексеруінен кейін қайта іске қосылмақ.  

Әйгерім ЖҮЗЕНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Жұрттың жеделсатыдан шығып үлгергені сол екен, құдды бір алып нәрсе құлағандай гүрс еткен дауыс шықты. Біз оны төменге құлдилаған екен дедік. Үйіміздің пайдалануға берілгеніне жарты- ақ жыл болды. Осындай түйткілдер әлден-ақ шығып жатыр. Бара-бара не болмақ? Қазір желедсатыға мінуге қорқып, баспалдақты пайдаланып жүрміз.

Ерлан СМАЙЫЛОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:  

Бұл жеделсатылар артық салмақты қадағалайтын қондырғылармен жабдықталмаған. Алайда, оны арнайы орган қабылдап алған. Сондықтан, ақау нақты артық салмақтың кесірінен болды деп айта алмаймыз. Мүмкін есік дұрыс жабылмай, тоқтап қалған шығар. Енді оны арнайы комиссия тексеретін болады.  

Г. Тасболатқызы