Жапония
билігі 6 наурыз күні Корей Халық Демократиялық Республикасы ұшырған ракеталар жайлы жаңа
ақпараттарды жалпақ жұртқа жайып салды. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, ұшырылған 4 ракетаның біреуі Жапонияның Хонсю аралынан 200 шақырым қашықтықтағы
жерге түскен. Жапонияның мемлекеттік
хатшысы Ёсихидэ Суганың сөзінше, КХДР - аса үлкен қауіп туғызып тұрған мемлекет,
сондықтан Жапония АҚШ және Оңтүстік
Кореямен қарым-қатынасты күшейткен.
Естеріңізге салсақ, 6 наурыз күні КХДР
«Скад» деп аталатын 4 бірдей зымыран ұшырған. Дәл осы уақытта АҚШ пен Оңтүстік
Кореяның бірлескен әскери оқу-жаттығу жұмыстары жүріп жатқан болатын. Қытай
тарапының «егер оқу-жаттығуды тоқтатсаңдар, Пхеньян баллистикалық зымырандарды
ұшыруын тоқтатады» деген ұсынысына қарамастан, оқу -жаттығу жалғасып жатыр. Ал ресми Қытай, бұл жағдай қос тараптың арасындағы жағдайды шиеленістіре түсті, деп
отыр.