Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Цунамиден қаза тапқандар саны 373-ке жетті

AstanaTV
25.12.2018ж. 20:00
2354
Цунамиден қаза тапқандар саны 373-ке жетті

Индонезияда цунамиден қаза тапқандар саны 373-ке жетті. Жойқын апаттан 1400 адам жарақат алған. Ява және Суматра аралы арасындағы Зонд бұғазында бірнеше көмек көрсету орталығы құрылды. Панасыз қалған тұрғындар қазір сонда көшіріліп жатыр. Жағдайдың жақын арады тұрақталар түрі жоқ. Тіпті, үйі аман қалған адамдардың да кері қайтқысы келмейді. Өйткені, Кракатау жанартауы әлі тыншымаған. Табиғи апаттан 681 баспана қирап, 69 қонақ үйдің тас талқаны шықты. Экономикалық шығын әлі есептелмеді. Құтқару қызметіне мыңдаған сарбаз бен полицей, тәжірибелі құтқарушылар жұмылдырылды. Еріктілер де зардап шеккен халыққа жәрдемдесіп жатыр. Ең алдымен электр нысандары қалпына келтірілмек.  

Кэти МЮЛЛЕР, ҚЫЗЫЛ КРЕСТ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕРІКТІСІ: 

Мұндай жағдайда алдымен халыққа баспана керек. Бұдан бөлек, Қызыл Крест адамдарға ауыз суды 22 көлікпен ала келді. Біз 2004 жылы Үнді мұхитындағы цунамиден кейін ауыз суды тазарту және тарату үшін жеткілікті күш жинадық.

А. Бектас