Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Келіндер мектебі» жобасын жас қызылордалықтар қолдап отыр

AstanaTV
27.12.2018ж. 20:00
5462
«Келіндер мектебі» жобасын жас қызылордалықтар қолдап отыр

Қызылордада үй шаруашылығына пысық, баланы дұрыс тәрбиелейтін, ата-енесінің көнілінен шығатын, жарының жағдайын жасайтын, оған қоса өзін күтетін арнайы мектеп ашылды. Дәрістері мен тренингтері еркін форматта өтетін мектеп «Jas projekt» жобасы аясында іске асырылған идея. Мектеп ұйымдастырушыларының бірі-Нұрзия Ниязбекованың айтуынша, жас қыздарды болашақ өмірге бейімдеу деген ой біраздан бері үш құрбыны мазалап келген. Үш баланың анасы Нұрзия өз шаңырағын көтергеніне жеті жыл болды. Алғашқы жылдары отбасылық өмірде біраз қиындықтарды бастан өткіріп, өзге үйде жаңа ережелерге бағынып, сіңісу оңайға соқпағанын еске алады. Сол кезде психологиялық тұрғыда қолдауға зәру болған. Сондықтан. мектептегі жас қыздар жан-жақты дамып, олардың мықты келін болып шығуларына көмектемесіз деп отыр.  

Нұрзия НИЯЗБЕКОВА, «АҚ ОТАУ» КЕЛІНДЕР МЕКТЕБІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Ең басты мақсат-психологиялық тұрғыдан дайындау. Қосымша тәжірибелік, яғни, практика. Тігін, тоқыма, күнделікті отбасылық өмірге не қажет соларды қамту. Тамақ пісіру, өз-өзіне күтім, бала тәрбиесі, бала психологиясы, фитнес болып тұрады арасында. Барлығы тегін.

Тренингтерді Қызылорда мемлекеттік университеттің мұғалімдері, «Ана мен бала» дағдарыс орталықтарының мамандары мен бірнеше келіні бар енелер өткізеді. Статистика бойынша, Қазақстанда әрбір үшінші отбасы ажырасып кетеді. Ал, қызылордалық жас жігіттер болса, болашақ күйеулерді дайындайтын мектеп те ашылса деп отыр.  

Жандос ОРАЗМАХАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Таяқтың да екі ұшы болады дегендей, әйелдермен қатар күйеулеріне де байланысты нәрсе. Егер, осы жігіттерді болашақ күйеу болуға, әке болуға дайындайтын курстар болса біздегі жігіттер қатысады деп сенемін. Өзім де оған ниет білідіріп отырмын.

Ш. Сақтапова