Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Атырау су арнасына» тексеріс жүргізген Облыстық экология департаменті алғашқы қорытындысын жария етті

AstanaTV
28.12.2018ж. 20:00
2853
«Атырау су арнасына» тексеріс жүргізген Облыстық экология департаменті алғашқы қорытындысын жария етті

«Атырау су арнасына» тексеріс жүргізген Облыстық экология департаменті алғашқы қорытындысын жария етті. Олардың жазбаша таратқан ақпаратына сенсек, №1 су тазарту құрылғысы маңынан алынған өзен суында хлорид көрсеткіші нормадан шамамен 5 есеге артық. Осыны негізге алып, «Атырау су арнасы» кәсіпорнына Экологиялық Кодекстің 225-ші бабы 4-ші тармағын бұзып отыр делінген. «Атырау су арнасы» қатысты әкімшілік іс қозғалды. Алайда, бұл мәлімдемемен кәсіпорын үзілді-кесілді келіспейтіндерін айтты. Олар: «Хлорид кез-келген өзен суы құрамында болады»-дейді. Енді «Атырау су арнасы» құзырлы органдарға шағымданбақшы. 

Айгүл АРЫСТАНОВА, «АТЫРАУ СУ АРНАСЫ» СУ ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ТЕХНОЛОГЫ:  

Экология департаментінің тексерісі бойынша оларда көрсетілген хлорид мөлшерінің артықтығына біздің мекеме келіспейміз. Себебі, осы күнге дейін алынған барлық сынамаларда хлорид мөлшері көрсетілмейді. Сол келіспеушілікке байланысты мекеменің заңды мүддесін қорғау мақсатында тиісті органдарға шағымданатынымызды ескертеміз. Хлорид ол-тұз. Ол барлық өзендерде, Жайық өзенінде де болады.

Айта кетейік, бұған дейін «Жайық» өзеніндегі балықтар қырылып қалған еді. Мамандар соңғы рет 4 тоннадан астам ұсақ балық жиналғанын мәлімдеді. Зауыттарда да бекіре балығы қырылды. Әзірге су бетінде қалқып қалғандардың нақты көлемі белгісіз. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия оның себебін анықтауға кіріскен болатын.  

Б. Нәдірқызы