$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекеттік қызметкер. Қызметтік пәтер

AstanaTV
29.12.2018ж. 20:00
4264
Мемлекеттік қызметкер. Қызметтік пәтер

Жақында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері минстрліктер отыратын ғимаратқа кешкі алтыдан кейін барып, жұмыс кестесінің сақталып-сақталмайтынын тексерген. Жұмыс істеп отырғандар аз емес. Үйлеріне қайту ойларында жоқ. Кейбірі Президенттің тапсырмасын орындап жатырмыз деп ақталды. Ал Президенттің «Ешкім жұмыста кідірмесін» дегені есте. Бірақ қымбат тарифтер үшін жақында қауіпсіздік кеңесінің отырысында Президенттен сөз естіген монополияға қарсы комитет төрағасын түсінуге де болады. Тарифтерді арзандату үшін түнімен жұмыс істеуге мәжбүр.     

Ал жапа-тармағай жан-жаққа қашқан келіншектерге қарап, кімге күлкі, кімге түрпі деген тіркес еске түседі. Белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеген, демалыс күндері еңбек еткен қызметкерлерге заң бойынша үстемақы төленуі тиіс. Әзірге ешбір мекеме оны төлемеген.  

Равиль ТӨЛЕБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Мемлекеттік қызметкерлердің тарапынан артық жұмыс жасау анықталса, онда осы мемлекеттік қызметкердің өзінің жауапкершілігі де қаралады. Ал, егер ол мемлекеттік қызметкер жұмыстың басшылардың тапсырмасының көптігінен отырса және артық жұмыс жасауға тиісінше бұйрығы болмаса, ай соңында үстемақы төленбесе, онда бұл жерде мемлекеттік мекеменің басшылығының жауапкершілігі қаралатын болады. 

Мемлекеттік органдардың арасында жұмыс уақытысы бітісімен 5 минутқа болса да кідірмейтіндері де бар. Олар: Қоғамдық даму, Аэроғарыш, Мәдениет минстрліктері.   

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, не болғанда да Президенттің мемлекеттік қызметкерлердің түнге дейін жұмыс істеуін жою тапсырмасын ұстанады. Фейсбук желісінде ол «Америкалық зерттеулерге сүйенсек, жұмыстың 8- ші сағатында қателік 10 процентке, ал 10-шы сағатта 30 процентке өседі», деген жазба қалдырған. Тексерулердің нәтижесіне тоқталып, кешкі алтыдан кейін қалып жұмыс істеу әкімшілік шығындарды да өсіреді, деген. Сөйтіп Стив Джобстың «тәулігіне 12 сағат емес, баспен жұмыс істеу керек» дегенін келтірген. Бұл енді керемет нақыл. Бірақ... Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова шенеуніктердің салық төлеушілер есебінен өмір сүру салтын сынады. Қыркүйекте Атырау әкімдігі жиһазымен 5 бөлмелі пәтер сатып алған. 58 млн теңгеге. Өскеменде 5 және 4 бөлмелі 2 пәтер сатып алынған – 82 млн теңгеге. Шымкенттің тұрғын үй басқармасы 5 супер жайлы қызметтік пәтер сатып алуға байқау жариялаған. Әрқайсысына 43 млн бөлінетінін хабарлап. Көкшетау әкімдігі 40 млн теңгеге 4 бөлмелі пәтер алған. Ал БҚО Ақсай қаласы әкімінің коттеджін жөндеуге 24 млн теңге бөлінген. Алматы облысы Ұзынағаш кентінің әкімі машина қоятын жері бар 180 шаршы метрлік үй алмақшы болған. 35 млн теңгеге. Шененуніктердің бюджет қаржысына қызметтік пәтер алуы олардың өздері шешетін мәселе емес, бағаға нақты шектеу қойылуы керек, дейді депутат. Ол әлгіндей пәтерлерді кейін жекешелендіріп алу үрдісін тексеруді де сұрайды. Ал коррупция туралы несіне айта береміз...