$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мексика мен АҚШ арасында салынуы тиіс қабырға қаржыландырылмады

AstanaTV
04.01.2019ж. 20:00
3487
Мексика мен АҚШ арасында салынуы тиіс қабырға қаржыландырылмады

Ал, АҚШ-та Дональд Трамптың Мексикамен араға қабырға тұрғызамын деген ойы іске аспай қалуы мүмкін. АҚШ конгрессмендері биылдыққа өздерінің алғашқы жиынын өткізіп, Үкіметті қаржыландыруға қатысты заң жобасын ақыры қабылдады. Екі апта бойы бұл құжат Президенттің сайлау алдындағы уәдесінің кесірінен Үкімет пен Конгресс арасында қызу тартысқа түскен еді. Конгрессмендер Трапмтың бұл ұсынысын қаржыландырмақ түгілі , оған сенімсіздік жариялап, орнынан алып тастау керек деген де ой айтып қалды.   

АҚШ Когрессінің 116 ресми шақырылымы саяси тартыстардың жаңа дәуірін бастаған сыңайлы. Осы уақытқа дейін конгрессмендердің дені қолдаған екі құжат қана қабылданды. Демокарттар Мемлекеттік департамент, Әділет, Сауда министрліктері мен ауыл шарушалышығын дамытуға әрең дегенде қаржы бөлдірген. Мұның сыртында республикалықтар мен Трамптың мүддесі мүлде ескерілмеді. Олар Мексика мен Америка арасына қабырға тұрғызуға ақша сұраған еді.  

Генри КУЛЛАР , ТЕХАС ШТАТЫ БОЙЫНША ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯ ӨКІЛІ:

Қазір әскерилер қолданатын түрлі заманауи тәсілдер бар. Соларды шекарашыларға пайдалунуға беру керек. Бұл мамандар мен жаңа технологияларға қатысты. Ал, екі ел арасына қабырға тұрғызу дегеніңіз орта ғасырға тән шешім. Жаңа технологияларды қолдансақ, біз шекарамызды кәдімгі қабырғадан да берік ете аламыз.

Кай ГРЭНДЖЕР, ТЕХАС ШТАТЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРТИЯ ӨКІЛІ: 

Бүгін деморкаттар қарап жатқан Заң жобасы біздің бір ай бойғы еңбегімізді еш етті. Отыз күн бойы Сенат, Ақ Үй мен Конгресс палатасының өкілдері арасында келіспеушілікті реттеуге тырысып едік. Олардың қабылдаған шешімі біздің оңтүстік шекарамызға қауіп төндіреді. Енді Үкіметті қайта жинап, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шешімді қаржыландыру керек.

Дональд Трамптың айтуынша, қауіпсіздік қақпасын тұрғызуға 5 миллиард доллар керек екен. Алайда, осы жолы қабылданған құжатта бұл жайында ештеңе айтылмаған. Президенттің бар үміті- Республикалық партияның өкілдері басым отырған Сенатта. Трамптың серіктестері де оны бұл заңға вето жариялауға шақырып отыр.

Дональд ТРАПМ, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сіздер оны қабырға деңіздер, қамал деңіздер, бәрібір онсыз біздің қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілмейді. Қазір әлеуметтік желілердерде тарап жатқан ақпаратқа сенсек, Мексикадан біздің елге өтпек болғандар саны еселеп артқан.

Конгресс өкілдерінің биылғы отырыстарына жаңадан сайлаған Нэнси Пелози төрағалық етуде. Ол өз уәдесінде тұрып, Мексика арасындағы қабырғаның құрылысын қаржыландырмай тастады. Естеріңізге салсақ, осы келіспеушіліктердің кесірінен 21 желтоқасаннан бері Америка үкіметінің 15 аймақтық министрлігінің 9-ы өз жұмысын тоқтатқан еді. 800 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді.   

Нэнси ПЕЛОЗИ, АҚШ КОНГРЕССІ ПАЛАТАСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:  

Біз мексикамен араға қабырға салу туралы мәселені қозғамаймыз. Ол саясатқа жатпайды. Екі ел арасына қабырға тұрғызу дегеніңіз ақылға қонымсыз ұсыныс. Оның үстіне мүлде тиімсіз.

Талапқа сай қабылданған заң жобаларын енді ел Сенаты мақұлдауы тиіс. Ал, олардың дені республикалық партия өкілдері екендігін ескерсек, саяси тартыстар одан сайын қыза түсетін секілді. Оның үстіне демократ Брэд Шерманның Дональд Трапмқа импичмент жариялау керек деген ұсынысы да отқа май құйғандай. Оның айтуынша, демокарттың бұл ойы жүзеге асса, бүкіл ел үшін тиімді болмақ екен.   

Г. Тасболатқызы