$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда жұмыссыздарға 123 миллиард теңге жұмсалады

AstanaTV
08.01.2019ж. 20:00
2245
Қазақстанда жұмыссыздарға 123 миллиард теңге жұмсалады

Биыл жұмыссыздықты жоюға 123 млрд теңге бөлінбек. Бұл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамту үшін жұмсалады. «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15 млрдқа жоғары»-деп хабарлайды «LS» порталы. Оған себеп бағдарламаға жаңа жобалардың енгізілуі. Азаматтарды жұмысқа тарту үшін Солтсүтік Қазақстанда үй құрылысы жүргізілмек. Ал, «Мәңгілік Ел Жастары-индустрияға» жобасы арқылы жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау көзделген. Нәтижесінде жыл соңына дейін жарты миллионнан астам адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Өткен жылдың 3-ші тоқсанында жұмыссыздар саны 4,8 пайызды құраған. Ол 500 мыңдай адам. Дені Алматы қаласы мен Алматы облысында және Қарағанды Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында.  

Ә. Өмірзақ