Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атырауда соңғы уақытта сәбилер өлімі жиілеп тұр

AstanaTV
09.01.2019ж. 20:00
2658
Атырауда соңғы уақытта сәбилер өлімі жиілеп тұр

Атырауда жаңа туған бала өлімі көбейген. Бір жасқа дейінгі шетінеген сәбилердің 70 пайызы іштен туа біткен аурулардан көз жұмады. Бұл туралы бүгін аймақта өткен баспасөз мәслихатында айтылды. 2017-ші жылы 5 жасқа дейінгі балғындар арасында 146 дерек тіркелген. Ал, былтыр 206 бөбек өмірден өтіпті. «Қайтыс болған сәбилердің 80 пайызы 1 жасқа дейінгі нәрестелер»-дейді дәрігерлер. Мамандар бұған басты себеп-аналар денсаулығының нашарлығы және жоспарланбаған жүктілік деп отыр.  

Райса БАЙМҰХАНОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАС ПЕДИАТРЫ: 

Сол денсаулықтарын әрбір ауруларына сәйкес бұл балалалардың іштен туа біткен бірнеше аурулары болған. Салмақтары төмен болғасын. Бала біле беруге болады, күші, іш құрылысының физиологиялық ерекшелігі төмен болады және бала өмірге жарамсыз деп есептеледі.

Б. Нәдірқызы